Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3285 0 пікір 30 Наурыз, 2011 сағат 03:08

Назарбаев Университетінде Наурыз кездесулер қатысушыларымен кездесу өтті

АСТАНА. 30 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Назарбаев Университетінде 9-10 сынып оқушыларына арналған екі күндік дәріс - Наурыз кездесулеріне қатысушылармен   кездесу өтті.

Университетке Қазақстанның барлық аймақтарынан 90 оқушы мен 30 мұғалім келді, деп хабарлайды ЖОО коммуникация және маркетинг департаменті.

Назарбаев Университетінің Атқарушы кеңес Төрағасының орынбасары  Қадиша Даирова Назарбаев Университетінің қызметі туралы хабардар етті. Оқушылар Назарбаев Университетінде ұсынылған мамандықтар және оқуға түсу ережелері бойынша сұрақтар қойды.

Наурыз кездесулері  2011 жылдың 28-29 наурыз күндері өткізілді. Дәрістерді «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» АҚ ұйымдастырды. Осы жылы пәндік бағдарлама физика сабағына арналды. Кездесулер Назарбаев Университетінің, ҚР Ядролық физика институтының, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Колмогоров атындағы мамандандырылған оқу-ғылыми орталығының қатысуымен өтті.

Кездесу барысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-көпшілік дәрістері, физика мұғалімдерінің шығармашылық сабақтары, оқушылардың ғылыми жобаларының таныстырылымдары, физиканы оқыту әдістемесі бойынша оқыту семинары өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1570
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3564