Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3446 0 пікір 29 Наурыз, 2011 сағат 03:40

Минскіде Түрікменстанның 2012 жылғы ТМД-ға төрағалығы мәселелері талқыланды

МИНСК. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Минскіде 28 наурызда Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Мартыновтың Түрікменстан СІМ басшысының бірінші орынбасары Вепа Хаджиевпен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды БР сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және гуманитарлық қатынастардың дамуын, халықаралық ұйымдары, сонымен қатар ТМД аясындағы ықпалдастық мәселелерін талқыға салды.

Түрікменстанның 2012 жылы күтіліп отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына төрағалық жасау мәселелері ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Владимир Гаркунмен болған кеңес барысында талқыланды.

Сонымен қатар Беларусь  премьер-министрінің орынбасарымен, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі беларусь-түрікмен үкіметаралық комиссиясының беларусьтік бөлігінің төрағасымен кездесулер өткізілді.

0 пікір