Жұма, 19 Сәуір 2024
Саңлақ 3702 0 пікір 5 Қыркүйек, 2018 сағат 09:11

Азия ойындарында жүлде алған спортшы Алматы қаласы әкімдігінде қызмет істейді

Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметкері Ризат Мақашев Джакарта мен Полембанг қалаларында өткен (Индонезия) XVIII-ші жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан  қола медальға ие болды.

Ризат 3 жыл бойы Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында қызмет атқарып келеді. Ол мемлекеттік қызметте жүріп, тәртіп пен уақытты талап ететін жаттығулардан қалмай, кешкі уақытта  өзінің Checkmat Kazakhstan клубында қара белбеу иесі жеке бапкері Бек Али Ержанның қол астында жаттықты.

Азия ойындарында үшінші орын үшін Ризат өзбекстандық Илхом Джуроевтан ұтылып жатып, жігерлік танытты. Осылайша ол қарсыласынан басым түсіп, 94 келі салмақ дәрежесінде Азия ойындарының  қола жүлдегері атанды.

Айта кетер жайт, бұл Ризаттың алғашқы медалі емес. Ол 2014  жылы Абу-Дабида өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ, Қазақстан чемпионатымен, өзгеде халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегері.

Abai.kz

0 пікір