Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2670 0 пікір 5 Наурыз, 2011 сағат 11:18

Болатхан Тайжан. Ұлттық идея – Қазақ мемлекетін құру

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер, дипломант ұлт жанашыры қазақ дипломатиясының Тәуелсіздік кезеңіндегі көш басындағы тұлғасы Болатхан Тайжан көз тірі болғанда 8 наурыз күні 70 жасқа толар еді.

Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді. Ісі өлмейді. Болатхан Тайжанның мемлекет пен ұлт мүддесін жанын сала қорғаған еңбегі ел есінде. Оның айтқан сөздері әлі күнге маңызын жойған жоқ. Болатхан Тайжанның туған күніне орай ол кісінің атындағы қор сайтында сақталған сұхбатын беріп отырмыз.

«Абай-ақпарат»

- Қалай ойлайсыз, бəлкім, бізге Ұлттық идея қажет шығар?

- Өте қажет.

- Онда қандай болуы керек?

Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер, дипломант ұлт жанашыры қазақ дипломатиясының Тәуелсіздік кезеңіндегі көш басындағы тұлғасы Болатхан Тайжан көз тірі болғанда 8 наурыз күні 70 жасқа толар еді.

Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді. Ісі өлмейді. Болатхан Тайжанның мемлекет пен ұлт мүддесін жанын сала қорғаған еңбегі ел есінде. Оның айтқан сөздері әлі күнге маңызын жойған жоқ. Болатхан Тайжанның туған күніне орай ол кісінің атындағы қор сайтында сақталған сұхбатын беріп отырмыз.

«Абай-ақпарат»

- Қалай ойлайсыз, бəлкім, бізге Ұлттық идея қажет шығар?

- Өте қажет.

- Онда қандай болуы керек?

- Қыскартып айтсам, қазақтарға да, қазақ еместерге де ортақ Ұлттық идея - Қазақстанда жан-жақты дамыған Қазақ мемлекетін құру. Өйткені, кез-келген мемлекетте кай халықтың жергілікті тарихи хақы бар - сол мемлекет сол халықтың мемлекеті. Бұл жерде қайталап айтамын, басқа ұлт өкілдері тұрмасын деген əңгіме жоқ. Бірақ Қазақстан қазақтар мемлекеті деген ұғым болуы тиіс. Əйтпесе, бұл - мемлекет емес, жəй ғана жан-жақтан жиналып жатқан адамдардың территориясы. Сондықтан да, мемлекеттік тілді барлығы білуі қажет деген қадамды жасай алмай отырмыз. Өйткені, бастапқы қазық жоқ. Біз: "Бұл - Қазақ мемлекеті. Сондықтан, қазақ тілін білулеріңіз шарт", - деп айтуға тиіспіз. Алғашқы сөйлемді айта алмағандықтан, екіншісіне аузымыз бармайды. БАҚ мемлекеттік тілде 50% хабар таратуы қажет дейміз. Ал орыс тілді телеарналар бізді мазақ қылып, қазақша хабарларды түнге қойып отыр. Мектептерде қазақ тілін оқыту мүлдем дұрыс жолға қойылмаған. Өйткені, оларда "бұл Қазақ мемлекеті" деген сезім жоқ.

Былтыр мен Малайзиядан кетер алдында онда үлкен бір мəселе талқыланып жатты. Бұл - қытай, үнді мектептерінде малай ойындарын ойнауы тиіс деген əңгіме. Оған қоса оқушылардың киімдері де малайша болуы керек деседі. Олар енді осы негізде бірлестіруді көздеп отыр.

Мысалы, кеңес заманында қай ұлттың өкілі болсаң да, орысша сөйлеуің, Пушкинді жатқа білуің, Толстой мен Достоевскийді оқуың, өз ұлттық композиторларыңды білмесең де, Чайковскийді пір санауға міндетті едің. Əскери комитеттерде бірде-бір орыс емес қолбасшының суреті ілінген жоқ. Тіптен Қазақстанның өзінде қазақ тілі сабағының орнына денешынықтыру, қораны тазалау, əйнекті сүрту əдет болатын. Орыс империясы кезінде барлығымызды орыс əдебиеті мен мəдениеті біріктірді. Бірлік идеясы ұлттық мəдениет, əдет-ғұрып, өмір сүру салтынан туындайды. Бұрын орыстармен отырғанда міндетті түрде арақ ішіп, стакан соғыстыру қажет еді. Қазір құдайға шүкір, қазақ дастархандарында арақ-шарапсыз көңілді отырыстарға куə болып жүрмін.

Жуырда Душанбеге барып келдім. Сол жерде алыс, жақын шет елдерден келген өкілдер бас қосты. Сонда тəжіктер - академиктер, жазушылар, журналистер - барлығы орыс тілін емін-еркін біле отырып, тек қана тəжікше сөйледі. Сөздері ағылшын тіліне тəржімаланып отырды.

Жиын кезінде неміс елшілігінің бір қызметкерімен таныстым. Ол орыс тілін мүлдем білмейді екен. Мен таңырқап: "Қалай сіз орыс тілін білмей мұнда келдіңіз?" деп сұрадым. Ол менің таңданған сауалыма таң қалып жауап берді: "Неге Тəжікстанда орыс тілін білуім қажет? Мен мұнда тəжік жəне ағылшын тілін біліп келдім". Сіз осындай жағдайды бізде елестете аласыз ба?

- Əрине, жоқ. Мысалы, менің АҚШ елшісіне қазақша жолдаған сауалдарымды елшіліктің баспасөз қызметінің өтінішімен қайтарып алып, орыс тіліне аударып қайта жіберуге мəжбүр болғаным бар...

- Біздің "Жас тұлпар" ұйымын құрған кездегі ой-мақсатымыз, өкінішке орай, əлі орындалмай отыр. Мен "Жас тұлпарда" істемес бұрын шет елдерде жұмыс істеп, бөтен елдерді көріп келгенмін. Сонда мен елімнің басқа елдермен терезесі тең болуын барынша аңсадым. Соған əлі жете алмай отырмыз. Соған жетуге уақыт та жеткілікті болды. Өзбектер, əзербайжандар, түркмендер, тəжіктер бұл жағынан бізден əлдеқайда көш ілгері.

Бізде көпшілік "ойбай, оларда осынша орыс жоқ" деп демографиялық мəселені алға тартады. Бірақ жергілікті халықтың саны аз бола тұра, сол елде тұрған басқа ұлт өкілдері сол ұлттың тілінде сөйлейтін мысал көп. Айталық, Араб Эмиратындағы арабтар саны араб еместерден 6-7 есе кем. Бірақ олардың қойған шарты - егер Араб Эмиратына келіп, тұрып, жұмыс істеймін десең, арабша сөйле.

- Бұл мəселені шешу үшін елдегі қазақтар санын арттыру қажет деген пікірлер айтылып жүр...

- Əрине, егер қазақтар 80-90%-ды құраса, онда сөзсіз жеңілірек болар еді. Бірақ онда елімізден кетуге ынталы қазақ еместерді ұстамау қажет. Біз керісінше: "Олар кетсе, арам қатамыз" деп жылап-сықтаймыз. Біз 10 миллион халық болып та тұра аламыз. Халқы 3-5 миллион дамыған елдер бар. Мысалы, Дания. Кейбіреулер жеріміз үлкен, сондықтан халық саны да көп болуы қажет дейді. Ал бізден жері əлдеқайда үлкен Канада, Австралия халықтарының саны бізден артық емес. Егер осы тұрғыдан келсек, Ресейге кем дегенде 150 миллион қытайды апару қажет болады. Бірақ олар "жеріміз үлкен, халқымыз аз" деп отырған жоқ.

- Ал жазу-сызуымызды өзгерту қажеттігі жайлы бастамага пікіріңіз қандай?

- Қазір түркі тілдес елдердің 120 миллион халқы латын жазуын пайдаланады. Біздің де осы жазу түріне көшкенімізді құптар едім. Мəселен, шет елдердегі қандастармызды ескерсек, жалпы қазақтардың үштен бірі кириллицаны білмейді. Ал латын жазуына ауысу олардың елімізге жылдам сіңісуіне мүмкіндік берер еді.

- Дегенмен, бұл бүгінгі күнге дейінгі орасан зор мəдени-əдеби мұрамен қош айтысу емес пе?

- Керісінше гуманитарлык салада кеңес дəуірін мадақтап, дəріптеп, өзіміздің ұлттық мəдениетіміз бен тарихымызды мұқатып, кемсітетін əдебиеттер кириллица жазуымен жазылды. Сондықтан, басқа жазуға көшу біз үшін рухани тазару болар еді.

«boketaizhan.kz» Болатхан Тайжан атындағы қордың сайты

0 пікір