Жұма, 29 Наурыз 2024
5203 7 пікір 12 Тамыз, 2018 сағат 23:35

Суворов ноғайларды қалай қырды?

1783 жылы патшаның пәрмен беруімен Суворов ноғай мемлекетін жойып жіберу үшін жорыққа аттанады. Ең алдымен император сарайында ноғайларды Орал өңіріне жер аудару жоспары жасалған.

Патшаның оңтүстіктегі орынбасары князь Потемкин бұл жұмысты Суворовқа сеніп тапсырады. Бірақ тұтас бір ұлтты тұрғылықты жерінен жер аударуға бағытталған әрекеттің соңы Қанақай мырза, Тау сұлтан, Нұраддин, Мұса мен Қара Смайылдың басшылығымен болған үлкен көтеріліске ұласып кетеді. Ал жазалаушы жасақ орайын тауып, таңғы намазға жығылған көтерілісшілердің үстінен түседі.

Мұндай ұрымтал сәтті қолдан шығарғысы келмеген Суворов бірден шабуылға шығуға бұйрық берді. Кескілескен шайқас күні бойы жалғасады. Тек кеш қарайғанда ғана ноғайлар ұрыс сала отырып ығыса бастайды. Осы ұрыста шегінгендерді өкшелей қуған бір ғана Нижегород полкы бала-шаға демей 10 мыңнан астам ноғайды аяусыз өлтірген. Бұдан арғы шайқаста көтерілісшілерді бастап шыққан бір кездегі құдіретті ноғай мырзаларының барлығы майдан даласында шәҺит болады. Ұлысын қорғаймын деп басын бәйгеге тіккен қаҺарман батырлардың атақты үрім-бұтағы да көп ұзамай түгел қылышқа ілінді. Кейін бұл соғыстың соңы барлық ноғайларды жаппай қырып-жоюға ұласып кетті.

Бұл геноцидке Солтүстік Қапқаздағы әскерлер мен казактардың барлығы қатыстырылады. Қанды қасап кезінде 500 мыңнан астам ноғай қырғынға ұшырап, миллионнан астамы Түркияға босып кетуге мәжбүр болды. Осы оқиғаны баяндап бергенде Екатерина екінші «Ноғай мәселесін» түбегейлі шештік деп қатты қуанған көрінеді.

Түркілерден «тазарған» алып аймаққа кейін ол славяндар мен немістерді қоныстандырады. Ең өкініштісі, біз әлі күнге дейін Суворовтың осындай «көзсіз ерліктеріне» тамсанудан танбай келеміз.

Жолымбет Мәкішев

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1571
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2265
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3565