Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
2327 0 пікір 12 Тамыз, 2018 сағат 22:27

Назарбаевқа Құрық портындағы мультимодальдық көлік хабы таныстырылды

Бүгін Маңғыстау облысында Мемлекет басшысының қатысуымен Құрық портындағы паром кешені мультимодальдық көлік хабының тұсаукесеріне арналған салтанатты шара өті, деп хабарлайды Абай-ақпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты шараға мемлекеттік органдар, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Түрікменстан, Иран, Қытай, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстанның көлік логистикалық компанияларының өкілдері, Қазақстанның көлік саласының ардагерлері қатысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы Құрық порты паром кешені құрылысын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Құрық порты халықаралық көлік дәлізіне қосылды. Порт айдынына теміржол мен автожол магистральдары келіп кіреді. Теміржол паромы мен автокөлік кешені жылына 7 миллион тоннадан астам жүкті қабылдап, өткізеді. Порттың кедендік қызметі мен қызмет көрсету инфрақұрылымы көлік құралдарын 30-40 минутта өңдей алады. Құрық портындағы маңызды нысандар терминальдық қоймалық инфрақұрылымды дамытады.

Салтанатты шараға Өзбекстан Премьер –Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов қатысып, Ұлы Жібек жолының жаңғырғанын, Транскаспий бағдарында тасымалдың өскенін тілге тиек етті.

COSCO компаниясының басқарушы директорының орынбасары Суйт Цзюн «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу - бір жол» бастамашылығының тоғысып, екі Мемлекет басшыларының тапсырмаларымен орындалғандығын атап өтті.

«Әзербайжан темір жолы» ЖАҚ басшысы Джавид Гурбановтың айтуынша, Құрық порты Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы теміржолды дамытудағы технологиялық көпір болып саналады. Әзербайжан теміржолшылары қазақстандық әріптестерінің логистикалық іс тәжірибесімен бөлісіп, теміржол мен теңіз көлігіндегі мултимодальдық шешімдерді бірге шығарады.

Тұсаукесер барысында Тәжен шекаралық кеден бекетінде автожолдың ашылу рәсімі өткізілді. «Қорғас шығыс қақпасы» Құрғақ портынан Құрық портына одан әрі қарай Транскаспий дәлізімен Италияға бет түзейтін тұрақты контейнерлік пойыз сапарға шықты.

Тұсаукесерге қатысушылар аталмыш оқиғаның Қазақстанның көлік логистикалық жүйесін дамытып, оны халықаралық жүк ағынына қосудағы маңызын жоғары бағалады. Бұл жол Құрық портын Транскаспий көлік дәлізімен Орта Азия елдерін жалғастырады.

Соңғы он жылда Еуразиялық көлік дәлізін дамыту мақсатында көлік-логистикалық саласына 30 млрд. доллар шамасында инвестиция құйылды. Жаңа инфрақұрылым жасақтау құрылысы мен жаңғырту жұмыстары және IТ-инфрақұрылым жасалуда. 2020 жылдары бұған 8,4 млрд. доллар жұмсалатын болады. Бұл Ұлы Жібек жолының жаңғыруына серпін беретін болады.

Бүгінгі таңда Еуразия нарығына құрлық арқылы 10-12 мың шақырымды 13-16 күнде көктей өту мүмкін болды. Бұл өз кезегінде Қазақстан аумағында теміржол инфрақұрылымын пайдаланып, Азия мен Еуропа бағдарында тасымалдауға сұраныстың өскендігін көрсетеді. Ол қарқын жылма –жыл еселеп көтеріліп келеді.

2014 жылы Қазақстан мен Қытай бірлесіп Ляньюньган портында логистикалық терминал тұрғызды. Онда Қазақстанға бағытталып Орталық Азия мен Еуропаға шығатын Қытай және Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің транзиттік жүк ағындары шоғырландырылады. Бұл бірлестік Қазақстан арқылы транзиттік жүктердің экспортқа ғаламдық мұхиттарға тікелей шығуына мүмкіндік әпереді.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізі Еуразия көлік жүйесінің маңызды бөлігі болып саналады. Транскаспий дәлізін дамыту үшін екі мың шақырымдық теміржол желісі салынды. Ол арқылы еліміздің Шығысы мен Батысы инфрақұрылымдық тізбекке жалғанды. Жезқазған Сексеуіл станциясы арқылы Бейнеуге жеткізіліп, Қазақстанның өнеркәсіп орындарын шикізат қорларымен оны Каспий портымен Өзен- Болашақ одан әрі Түркменстанмен Парсы шығанағы елдерімен тіке әрі қысқа жолдармен жалғады.

Ақтау порты жаңғыртылды. Құрық портында жаңа мультимодальдық паром кешені тұрғызылды. Бұлар Қытайдан келетін жүктерді Орталық Азия елдеріне Ресейдің Орал Сібір өңірлерімен Транскаспий дәлізін қосады.

Қазіргі таңда Қазақстанның Каспий теңізіндегі логистикалық тізбегі жылына 26 миллион тонна жүкті өткізе алады. Серіктес елдер өздерінің әлеуетін ұлғайтып, нысандарын жаңғыртуда.

Бұл өз кезегінде трансқұрлықтық жүк ағындарының әлемнің құрлықтарын сауда жолдарымен қосатын болашақ бағдарларды айқындайды.

Барлық атқарылған шаралар инвестиция тартуға, жүк ағындарын арттыруға, сонымен қатар өңірдің дамуына ықпал ететін болады.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1559
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2249
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3499