Жұма, 26 Сәуір 2024
2986 0 пікір 10 Тамыз, 2018 сағат 17:00

Шымкент қаласында 5 қазанда сайлау өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жақында ғана республикалық маңызы бар қала атанған Шымкенттен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды тағайындау туралы қаулыға қол қойды, - деп Абай-ақпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент 2018 жылдың 5 қазанында Шымкент қаласынан парламент сенаты депутаттарының сайлауын өткізуді қаулы етті.

Сонымен қатар Елбасы Шымкент қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз етуді ел Үкіметі мен Шымкент қаласының әкіміне тапсырды.

Аталған Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Abai.kz

0 пікір