Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2800 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 04:04

Бек Датұлы. Ердоған тағы ерледі

Ердоғанның ер екенін ертеден білуші едік. Бұл жолғы батырлығына түрегеп тұрып сол соғуға болады. 28 ақпан күні Германияға барған іс-сапарында қалың немістің ортасында тұрып-ақ отандастарын ұлттық бірлікке шақырды.
Түріктер ең көп шоғырланған Дюссельдорф қаласында лебізін естуге келген ондаған мың қандастарының алдында тұрып оларды неміс жұртымен етене болуға, бірақ ассимиляцияға түсіп кетпеуге шақырды. Балаларға бірінші кезекте түрік тілін, сонан кейін ғана неміс тілін үйретіңдер дегенді баса айтты. Ол өзі қонақ болып отырған неміс жұртының түріктер мен өзге де мұсылмандарға деген жеккөрушіліктерін сынады. Ол мұны антисемитимз деп санайтынын айтқанымен қазіргі неміс үкіметінің «адамзатқа қарсы жасалған» нақты қылмысын әшкерелеп айтпады.
Ол Түркия өзінің шетелдегі отандастарын қорғайтынын, олардың мүддесі мен көзқарастарын сақтауға атсалысатынын бірнеше қайталады. Ол Германиядағы түріктерді отанына қайтуға да шақырды.
Ердоғанның «ер мінезі» Түркияның Еуроодаққа енуіне бірінші болып қарсы шығып жүрген неміс шенеуніктерінің шабына от түсірді. Германия сыртқы істер министрі Гвидо Вестервелле түрік премьерінің сөзін сынап, жергілікті түріктерді бірінші кезекте неміс тілін үйренуге шақырды.

Қазір Германияда 3 млн-нан астам түрік тұрып жатыр. Олардың бір демде Түркияға көшіп кетуі, әрине екіталай. Дегенмен, мұншама халық елдің саяси дамуына өз үлесін қосуға ұмтылары сөзсіз.
Ең бастысы Ердоғанның көзсіз ерлігі болып тұр. Тәуелсіздігім тағдырым деп санайтын елдердің қай басшысы өзі мемлекеттік сапармен барған алпауыт елдегі қандасатарына осындай ұран тастап еді?

www.masa.kz интернет газеті

0 пікір