Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2751 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 01:48

Президенттікке кандидат Елеусізов сайлауда 5% дауыс жинаудан үмітті

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР президенттігіне кандидат Мэлс Елеусізов сайлаушылардың жалпы санының 5% дауысын жинаудан үміттеніп отыр.

«Ең кем дегенде, мен 5% жинауға тиіспін, бұл - менің мақсатым», - деді ол бейсенбі күні журналистерге.

Кандидат қаржысы жоқтығына байланысты үгіт-насихат науқанына әлі кіріспегенін айтты.

«Жалғы проблема  - материалдық жағы, басқа жағынан проблема жоқ. Қазір бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Үгіт-насихат жұмыстарына 0,5 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсауға рұқсат берілді. Біреу көмектесемін десе, көмекті қуана қабылдаймын. Президентке әр түрлі адамдар көмек беріп жатады ғой, маған да көмектессін. Мен есепшот аштым», - деді М. Елеусізов.

Бәсекелестеріне қатысты пікірі туралы сұраққа жауап берген ол оппоненттерінің мықты екенін, Н. Назарбаев таң қалдырғанын жеткізді.

«Мен коммунистік партия өкілінің мақалаларын оқыдым, айтқан сөзінің мәні бар. Ғани Қасымов - менің досым, мен оны құрметтеймін. Екеуміз бірлесіп заң шығаруда көп шаруа тындырдық. Президент... Жақында оның журналистердің алдында сөйлеген сөзін тыңдадым да, таң қалдым. 70 жасында бәрін жақсы біліп отыр», - деді кандидат.

Үгіт-насихат науқанының мерзімі шектеулі болып, дайындығының жоқтығына қарамастан, М. Елеусізовхалықтың қолдауына үміттеніп отыр.

«Мен күні-түні ұйықтамай жүрмін, өйткені уақыт аз. Қорқатын түк те жоқ, халық мені таниды. Көп іс атқардым, ешқашан ешкімді алдаған емеспін. 20 жыл бойы экологиямен ғана айналысып келемін. Бұған дейін де пайдалы шаруалар тындырып, көптеген адамдарға көмектестім. Олар маған алғыспен қарайды. Қалай болғанда да мен бәрінің алдында адалмын, өз сайлаушыларымның алдында өтірік айтқан емеспін», - деді «Табиғат» партиясының лидері.

0 пікір