Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2662 0 пікір 4 Наурыз, 2011 сағат 01:45

Есірткі құмарларды Павлодарда метадономен емдеу іс жүзінде сәтсіз аяқталды, деп жазады «Караван»

Алматы. 3 наурыз. ҚазТАГ - Павлодар мен Теміртауда нашақорларды «алмастыру терапиясы» деп аталатын әдіс - метадонмен емдеу сәтсіздікпен аяқталды. Қазақстан президентіне ашық хат жазып, метадонның таралуын тоқтатуды өтінген сарапшылар осындай пікір білдіріп отыр. Кезекті номері жұма күні саудаға шығатын «Караван» мақаласының бір тақырыбы осыған арналған, деп ҚазТАГ-қа апталық редакциясынан хабарлады.

Алмастыру терапиясының шетелдік бағдарламалары азиялық елдерге ірі халықаралық қорлардың қолдауымен белсенді енгізіліп келеді. Бағдарлама есірткі құмарлармен және СПИД-пен күрес желеуімен енгізіліп жатыр. Бірақ Ресей метадонды енгізуден үзілді-кесілді бас тартты. Өзбекстан ол бағдарлама аяқталған соң, өзіндегі қалдығын Қазақстанға «жылжыта» салды.

«Метадон бағдарламасы біздің ұлттың ыдырауына соқтырады. Ол метадонға деген тез арада психикалық және физикалық тәуелділік тудырып, адам миы қайтсем препарат тапсам екен деген ой жетегінде қалады», - дейді медицина ғылымдарының докторы Әлия Сұбханбердина.

Бағдарламамен «жоспарланған» метадон пайдаланушы «аурулар» саны 2014-ші жылға 51600 адамға жетпек. Шетелдіктердің «мәрттігіне» нәтижесінде салық төлеушілер төлеуіне тура келеді, себебі метадонның тәулік бойғы дозасының құны  $5.

«Метадон туралы барлық материалдарды зерттеп болып, бұл эфтаназияның бір тармағы деуге болады. Нашақор өледі, адам жоқ болса - проблема да жоқ», - дейді алматылық епархия протоирейі, «Есірткісіз Қазақстан» қоғамдық қорының директоры Анатолий әкей.

Қысқы Азия ойындары кезінде алматылықтар жеңіл тыныс алып қалған еді. Турасын айтқанда ауа тазарып, көшелер түтін шығаратын көліктерден тазартылып, тіпті көшелердегі жайма базарлар алынып тасталды. Бірақ, шетелдіктер кеткен бойда, Алматының бұрынғы барлық «ғажайыптары» қайта орала бастады.

Адамдар редакцияға әуежайдағы жүгенсіздіктерге шағымдана бастады. «Бомбашыл-таксистер» шыға берісте адамның аяғына оралып, жүруге мұрша бермейді дейді. Азиададан кейін кейбір көшелер, турасын айтқанда, ауыспалы базаға айналып, адамдар мен автобустар толып кетті. Көкбазар маңында қозғалысқа салынған шектеуге байланысты барлық ауыртпалық көрші көшелерге түсті.

«Катализатор» деп аталып кеткен басқа көшеге саудагерлер өз орындарына оралды. Контейнерлер ашылып, кәуап түтіні бұрқырап жатыр... Базарға кіре берістегі үйілген қораптардың үстінде Азиада символикасы бар плакат тілінген. «Караван» тілшілері бұл көріністің масқаралығына назар аударады...

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3531