Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2763 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 10:09

Сәкен Бозаев. Мұғалімдер ойы мен бойын түзегісі келеді

Кезінде орыс патшайымы 11 Екатерина немересі 1Александр мен інісі Константиннің білімі мен тәрбиесімен өзі айналысу барысында білім беру саласындағы  кемшіліктерді тауып, мемлекеттің білім беру жүйесі жобасын жасауға өзі араласыпты деген тарихи дерек бар.  Сол деректе мұғалімдер  мемлекеттік қызметкер ретінде танылып, еңбек ақысы жоғары деңгейде болуын қамтамыз етуге тәртіп берілгендігі айтылады.. Білім мен тәрбие беру талабына сай қызмет көрсетпеген, білім беруге бөлінген қаражатты жымқыруға жол берген, мұғалімдерге қысым көрсеткен, білім мекемелеріне үстемдік жасау әрекеттерін жасағандар қатаң жазаға тартылатыны көрсетіліпті..  Бұндай үлгі етуге лайықты дүниенің кімнен, кімнің ақылынан шыққаны маңызды емес, маңыздылығы - ақылға қонымдылығында. Бұдан үш ғасыр бұрынғы жайды тектен-тек айтып отырғанымыз жоқ. Өзінен-өзі сұранып тұрған осы тектес мәселелерге назар аударылар ма екен дегендік.

Кезінде орыс патшайымы 11 Екатерина немересі 1Александр мен інісі Константиннің білімі мен тәрбиесімен өзі айналысу барысында білім беру саласындағы  кемшіліктерді тауып, мемлекеттің білім беру жүйесі жобасын жасауға өзі араласыпты деген тарихи дерек бар.  Сол деректе мұғалімдер  мемлекеттік қызметкер ретінде танылып, еңбек ақысы жоғары деңгейде болуын қамтамыз етуге тәртіп берілгендігі айтылады.. Білім мен тәрбие беру талабына сай қызмет көрсетпеген, білім беруге бөлінген қаражатты жымқыруға жол берген, мұғалімдерге қысым көрсеткен, білім мекемелеріне үстемдік жасау әрекеттерін жасағандар қатаң жазаға тартылатыны көрсетіліпті..  Бұндай үлгі етуге лайықты дүниенің кімнен, кімнің ақылынан шыққаны маңызды емес, маңыздылығы - ақылға қонымдылығында. Бұдан үш ғасыр бұрынғы жайды тектен-тек айтып отырғанымыз жоқ. Өзінен-өзі сұранып тұрған осы тектес мәселелерге назар аударылар ма екен дегендік.

Шынайы мұғалім өзінің кәсіби жұмыс сапасын үнемі жетілдіруге жұмыстануы арқылы - алдындағы оқушының білім жетістігінің 15 пайызын , ал баламен сыйлы қарым-қатынас орната білуі арқылы - оқушылардың білімге қызығушылығы мен оқу жетістігінің 85 пайызын қамтамасыз етеді екен..  ЮНЕСКО зерттеулері мәліметінде осындай дерек айтылған. Бірақ  бір ақын айтқан:  «... біздің өмір кім не берер екен деумен өтетін болды» дегеніндей қам көңіл күйде жүрген мұғалімдер теориялық, методикалық, педагогикалық технология кеңістігіндегі біліктілігін үнемі жетілдірумен айналыспаса, жоғарыдағыдай көрсеткішке жете алуы неғайбіл.  Қайта , жоғарыда айтылған зерттеулерде көрсетілгендей, баланың оқу мүмкіндігінің 35 пайызын жоғалтатындай жайға тап болуы мүмкін.

Кезкелген «ремесленниктің» мұғалім болуы мен «жабық есік жағдайындағы» әулет өкілдерінің мектеп басқару тетігінде отыруы - мектеп проблемасын көбейте түсіп отырғаны туралы  фактілер баспасөз беттері мен интернет сайттарында жазылып жатыр. Мектеп ұжымын мұғалімнің қызметін әділ бағалайтын, жасығы мен жақсысын айыруға мүдделі басшы басқаруы - нәтижелі қызметтің бастамасы. Мектеп басшысына жасандылықтан тыс әдеп пен кәсіби біліктілік жарасар еді. Басшы қызметінің мінсіздігі - білім көкжиегі кеңдігінен,  өзгеге айтар ақыл-кеңесі өз бойынан табылатын  кәсіби шеберлігінен, талғамынан көрінеді. . Кешегі білім мен жиып-терген тәжірибе бүгінге аз. Талап пен талғам өзгерді, оқыту мен тәрбие талабы күрделенді.   Ардақты істің басында өз ісінің  қас шеберлері отырса құба-құп. Оқушы мен мұғалімдердің, ата-аналардың осындай басшы мен   мұғалім таңдауға мүмкіндігі болса, қазіргідей ешкім түсініп болмайтын «сапасыз материалдан жасалған» мұғалімдер мектеп төрінде отырмас еді.

Педагогика классиктерінің бірі « мұғалімдік - қиялы бай адамдарға жарасар мамандық» деген екен. Шамасы, мұғалімдердің қай кезде де жетпестікке сағын сындырмай, еңсесін түсіргісі келмей, балалар әлемінен інжу көзін іздеген  қызметіне адалдығын айтқысы келгендіктен болар. Шынайы мұғалім бойында осындай рухани асқақтық жоғалмауы қажет.. Аяқ астынан келген капитализм қайсыбіреулердің бет пәренжесін сыпырып алып жатқанда ұсқынын өзгертпей, мамандығына адалдығын сақтаған мұғалімдер баршылық.  Ішіп-жемі мен шайлығы молдау орта іздеп кеткендер де жоқ емес. Қара шыбынды қазан басы - ішіп-жемге үйірсектеу ағайындардың аңқасын аша түсетіні ежелден белгілі.

Уақыттан жұққан естілік пен есерлік бояуын ажырата білсе де, пікірінің салмағы, сөзінің қадірі кеткен білікті мұғалімдер мектептен кетіп, ортасын ойсыратқаны қынжынарлық жағдайға апарды. Өктем билікшілердің  ықтыра алмаса да бұқтыра түсуге бейімделген әрекеттері - мұғалімдердің бойы да, ойы да дел-сал болуына апарғаны белгілі. Ендігі жерде « шын атқа мінгенше, шыбықты ат қыла тұруға» шыдамы жеткен мұғалімдердің  шыдам шегін тым ұзатпаған дұрыс болар еді.. Ұзақ шыдам арты торығу мен енжарлыққа апаратыны анық.

Ежелгі заман ойшылары айтқан екен деген тарихи аңыз бар еді.

...Халық жиналған ұлкен жиын болып, сол жиында « Арам байлық пен адал кедейлік» жайында Сократ сөйлегенде тыңдаушылардың көзінен жас шығып, тағдырына налыған екен.  Перикл сөйлегенде кедейлік өмірге лағынет айтып, Марси сөйлегенде бұлай өмір сүруге болмайтынына көздері жетіп тарасыпты делінеді. Сол айтылған арам байлық пен адал кедейлік туғызған жайлар бүгінгі өмірде де  өзгере қойған жоқ.  Ырысын шалқытып, ырғалған тұрмысқа жету - мұғалімдер маңдайына жазылмаған секілді. Нарық талапайында үлес алуға қолы жетпеген мұғалімдер - қулыққа құлықты етіп тумағаны үшін шешелеріне өкпелеуден бөтен амал таба алмады.. Мұғалімдердің бұл күйі тарихи романда суреттелген, жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Шағат батыр ауылы әйелдерінің « батыр атамыз барда бізге жау не істеуші еді», - деп, ұршықтарын иіріп отыра берген аңқаулығын еске түсіреді.

Енді, міне, қалтасы қаржылы мемлекетіміз бар деп дәмелі күйден күдер үзе қойған жоқ.. Анау жылдардағы ұнжырғаны түсірген тіршілігіне жан бітіп, күңкілі  көп ауланы тазалайтын күн келер деген күпті күйде  қызметін жасап жатыр. Мұғалімдер де  өз аттарына арналған пәтуалы сөз естіп, ел қатарлы ойы мен бойын түзегісі келеді.  Сондай күн туар дегенге сеніп, жас ұрапаққа сапалы білім беруге деген жауапкершілік міндетін екінші қатарға ысырылмауын қалайсың.

Атырау облысы,  Құлсары қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір