Жұма, 19 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2717 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 07:23

Серік Жолдасбай. «Үйілген өлексені өрге сүйреген» Әлихан Бөкейханның жазығы не?

Алашорда ұлттық автономиялы үкіметінің төрағасы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның еткен еңбегі әлі күнге дейін еленбей келеді. Еленбегені былай тұрсын, кейінгі кезде алаш арысына тасадан тас атушылар, тіпті ашықтан ашық айыптаушылар да табылуда. Ал саналы  ғұмырын «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» дегеннен басқаға арнамаған Әлекеңнің ұлт алдында нендей кінәсі бар?

Жуырда «Абай» ақпарат­тық пор­талында Әлихан Бөкей­хан­ның 145 жылдығына байланысты «Қазақ үкіметі Бөкей­хановты ұмытқан сияқты» деген мақала жарық көрді. Өкі­ніш­ке қарай, аталмыш мақалаға пікір білді­рушілердің арасында Әли­хан­ды орынсыз қаралап, алаш арысының кемшіліктерін жіпке тізгендер де бар. Әлдебір оқырман интер­нет-форумда Әлихан Бө­кей­­ханды «Қазақ тарихында өзін­дік орны бар тұлға» деп мойындай отырып, одан «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» батыр жасау тарихқа қиянат» деп қиналады. Содан соң ол Әлекең­нің бес бірдей «кемшіліктерін» тізбектей жөне­леді. Мәселен: «Біріншіден, «Бөкейханов тәуел­сіз мемлекет емес, бар-жоғы біртұтас және бөлінбейтін Ресей мемлекеті құрамындағы автономия (құра­мыз) деген. Ол автономияны төре болған соң, мен билеуім керек деп ойлаған», - дейді тасадан тас атушы оқырман.

Алашорда ұлттық автономиялы үкіметінің төрағасы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның еткен еңбегі әлі күнге дейін еленбей келеді. Еленбегені былай тұрсын, кейінгі кезде алаш арысына тасадан тас атушылар, тіпті ашықтан ашық айыптаушылар да табылуда. Ал саналы  ғұмырын «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» дегеннен басқаға арнамаған Әлекеңнің ұлт алдында нендей кінәсі бар?

Жуырда «Абай» ақпарат­тық пор­талында Әлихан Бөкей­хан­ның 145 жылдығына байланысты «Қазақ үкіметі Бөкей­хановты ұмытқан сияқты» деген мақала жарық көрді. Өкі­ніш­ке қарай, аталмыш мақалаға пікір білді­рушілердің арасында Әли­хан­ды орынсыз қаралап, алаш арысының кемшіліктерін жіпке тізгендер де бар. Әлдебір оқырман интер­нет-форумда Әлихан Бө­кей­­ханды «Қазақ тарихында өзін­дік орны бар тұлға» деп мойындай отырып, одан «суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» батыр жасау тарихқа қиянат» деп қиналады. Содан соң ол Әлекең­нің бес бірдей «кемшіліктерін» тізбектей жөне­леді. Мәселен: «Біріншіден, «Бөкейханов тәуел­сіз мемлекет емес, бар-жоғы біртұтас және бөлінбейтін Ресей мемлекеті құрамындағы автономия (құра­мыз) деген. Ол автономияны төре болған соң, мен билеуім керек деп ойлаған», - дейді тасадан тас атушы оқырман.

Әлихан Бөкейхан шын мәнін­де «автономияны төре бол­ған соң мен билеуім керек деп ой­лаған» жоқ. Жалпы Әлекең саясатқа араласып, билік жүр­гізуді өз алдына мұрат тұтпаған. Оған Қошке Кемеңгерұлының «Езілген елі үшін амалсыздан... қара жұмыстың кіріне былғанып, саясаттың сандалына түсуге мәжбүр болды» деген сөзі дәлел бола алады.

Сондай-ақ Алашорда ұлттық автономиялы үкіметінің төрағалығына Әлихан бір өзі түскен жоқ. Сиезде Әле­кеңмен бірге Айдархан Тұрлы­байұлы мен Бақыткерей Құлма­нов сайлауға түседі. Нәтижесінде 79 делагаттың 19-ы Бақыткерей Құлмановты, 20-сы Айдархан Тұрлыбайұлын таңдаса, Әлихан Бөкейханды 40 азамат қолдап, дауыс береді.  Аталмыш екі азамат та бүгінгідей күзетші немесе бақсы-балгер болған жоқ. Мәсе­лен Айдархан Тұрлыбайұлы ма­ман­дығы заңгер болса, Бақыт­керей Құлманов шығыстанушы болатын.

Шын мәнінде, Әлихан Бөкей­хан басқарған Алашорда ұлттық автономиясының тәуелсіз мемлекеттен еш айырмашылығы бол­ған жоқ. Мәселен, Алашорда үкіметі жүргізген ұлттық саясатты бүгінде тәуелсіздігіне 20 жыл толғалы отырған мемлекетіміз жүзеге асырған жоқ.

«Екіншіден, - деп басталатын айыптауда: Бөкейханов кадет партиясының ықпалынан шыға алмаған, егер қыртыңбай кадеттер 1917 жылы жазда биліктен айырылып қалмай, Ресейді бас­қарып кеткенде, кадеттердің Ор­талық комитетінің мүшесі Бөкей­ханов тіпті автономия туралы да айтпас еді», - дейді.

Аталмыш айыптауға алаш арысының «Мен кадет партиясынан неге шықтым» деген мақа­ласы толық жауап бере алады. Мақалада Әлекең: «Кадет партия­сы жер адамға меншікті болып берілсе де, жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш  шыға ке­леді», - дей келе, өзінің түпкі мақсатын: «Кадет партиясы Ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, Ұлт автономиясын тікпек болдық», - деп мәлімдейді. Әлихан Бөкейхан Кадет париясынан бас тарту арқылы өзі бір кезде мүше болған Массон ұйымынан да шығады. Халықаралық Массон ұйымынан және саяси партиядан шығу, сол кездегі жағдаймен Әлекеңе оңай болмаған шығар. Десек те, ұлт мүддесі жолында Алаш арысы «Кадет партиясының ықпалы» тұрмақ, тіпті Массон ұйымның да ырқынан шыға білгенін байқай­мыз.

«Үшіншіден, - дейді беймәлім оқырман, - Бөкейхановқа қазақ төрелерінің барлығы қарсы болды, оны бірде-бір төре жақта­маған. Өз төрелерінің басын біріктіре алмаған Бөкейханов, қалайша қырық рулы қазақты басқармақ? ІІ сиезде оған Әбіл­хайыр ханның тұқымдары билеп отырған Кіші жүз оқығандары түгел қарсы дауыс берген. Сенбесеңіздер, ІІ сиездің дауыс беру қорытындысын қараңыз­дар. ІІ сиез - жалпықазақ сиезі емес, «шақырылғандардың сие­зі» болды. Ол сиезге Бөкейханов Ұлы жүзден ешкімді қатыстыр­маған, сонда оның автономиясы қай рудың автономиясы?» дейді.

Ең бірінші, «Бөкейхановқа қазақ төрелерінің барлығы қарсы болды, оны бірде-бір төре жақтамаған» деген пікірге келсек.  Әлекең Ахмет Байтұр­сын­ұлына жазған хатында: «Елдесім (Омаров - Ж.С.) жолдастың физикасына сын жазайын десем, газетке - үлкен, журналым жоқ болып, делдал болып тұрмын. Елдесім жақсы жігіт. Бұрын да жақсы еді. Енді онан да сүйікті болып кетті» дей келе, Әлекең мына бір жәйді жазады:  «Бір күні Шәңгерей маған: «Мен сені жақсы көрем! Білесің бе?», - деді. Мен: «Жоқ», - дедім. Шәң­герей: «Сен шын қазақсың ба? Сені қазақ деп жақсы көремін», - деді. Физиканы оқып қарасам, Елдесім де қазақ екен», - дейді. Әлекеңді «қазақ» деп жақсы көрген Шәңгерей төре болатын.

Ал «Кіші жүз оқығандары түгел қарсы дауыс берген» деген бекер сөз. Мәселен, Әлихан Бө­кейхан бастаған алаштықтар патшаның  жарлығын қолдауға мәжбүр болса, екінші жағынан келісуге  мүдделі болады. Әле­кең қазақ жастарын әскерге баруға үгіттеу мақсатында, Торғай облысы, Торғай оязы, Ақтөбе, Ырғызда, Адай, Қабырға болысына барып: «Жұмысқа барыңдар, төбелеспеңдер, қаш­паңдар. Өзім сендермен бірге боламын», - деп өзі бірге барған.

Ал 1917 жылы 27 ақпанда Николай патша құлағанда, сол жігіттерді алып елге қайтады. Әлекеңнің алдынан ту алып шығып, «Ханымыз келді» деп қарсы алған халқына Әлихан Бөкейхан ізет сақтап: «Қойыңдар!» - деп басу айтады.

Әлекеңе деген кіші жүз қазақтарының құрметі арада он жыл өткенде де еш өзгермеді. Мәселен, 1926 жылы Әлихан Бөкейханды ерекше құрметпен қарсы алған адайлар туралы академик Әлкей Марғұлан: «Адайлар Бөкейхановтың халқының алдындағы орны толмас қыз­метін тани біледі екен. Сондық­тан оны аса жоғары дәрежеде құрметтеді. Өздеріңіз білетін шығарсыз, қазақ тек ең құрметті қонағына тай әлде құлын сойып қарсы алады. Әрине, бұл өмірде өте сирек болатын жағдай. Себебі, жылқы баласының сүйкімділігі соншалық, оны союға ешкімнің көзі қимайды және батылы бармайды. Ал құлынның терісінен жарғақ жасайды.

Сондықтан жарғақ киген қазақ ілуде біреу ғана болар. Жарғақ - қазақ киімінің төресі» деп жазады. Қазірде «аспанда - құдай, жерде - мұнай, ортасында - адай» деген өр мінезді халықтың бабасы Әлекеңе құрмет көрсетуі тегін емес екені белгілі.

Жалпы, «ұлы жүз қазақ­тарын бөліп тастады» деген сөз де жалған. Әлиханды айыптау­шы­лар­дың бірі Темірбек Жүрге­нов болғанын бүгінде біле бер­мейміз. Мәселен, Мұстафа Шо­қай­ұлы «Орыс миссионер­лері» деген мақаласында:  «...Т.Жүр­генұлы алдымен Әлихан Бөкейханға жала жабудан бастайды.

Оның сөзіне қарағанда, (өткен жылдың жазында Сталин Мирзоянға Әлихан туралы былай депті) 1919 жылы Әлихан Сталиннің қасына келіп: «Қазақ халқы - жойылып кетуге тиіс халық» депті-міс. Сталиннің: «Сіз неге олай деп ойлайсыз?» деген сұрауына Ә.Бөкейхан:  «Өйткені бұл халықтың сөздік қорында орыстардың  «движение» деген ұғымын жеткізіп бере алатын сөз де жоқ» депті-міс», - деп жазады. Мұстафа Шоқайұлы мұның негізсіз екенін дәлелдей келе: «Қазақ ұлттық партиясы «Алаштың» негізін қалаған, Алаш бағдарламасының авторы болған, Алашорда үкіметін басқарған Әлиханның аузынан мұндай сөздің шығуы қалай десе де, ақылға сыймайды» деген пікір білдіреді. «Қазақ ұлттық партиясы «Алаштың» негізін қалаған, Алашорда үкіметін басқарған» Әлекеңнің ұлы жүзді бөліп тастайтындай, рушыл емес еді.

«Төртіншіден және бесінші­ден» деп басталатын айыптаулар бір-біріне ұқсас. Нақтырақ айтсақ: «Бөкейханов азамат соғысы жылдарында өзіне қарсы болған барлық қазақ қайрат­керлерін не өзі қуғынға ұшырат­ты, не Колчак пен Анненковқа ұстап берді. Жалпы оқыған қазақ жігіттерінің жартысына жуығы алашордашылардың ақ терроры кезінде қырғын тапқан» немесе «Бөкейханов өзіне ерген қазақ­тың қолынан іс келетін оқыған жігіттерін большевиктерге қарсы қойып, барлығын соққыға жық­тырды, оған ерген жігіттердің барлығы республика құрылған кезде басқару ісіне араласа алмай, далақтап қалды. Өз қате­ліктерін түсінген соң, олар жабыла естелік жазып, Бөкейхановты қарғап-сілей бастаған» - дейді.

Тұрсын Жұртбай «Ұраным Ала­шым» кітабында: «Әлихан Бөкейхан өзге алаштықтарды сақтау үшін, алдымен өзін сақтау керек екенін анық білді» деп жазады. Ал Әлімхан Ермеков Әли­хан­ның алдында кінәлі сезінетінін жазады. Мәселен: «Қадірлі Әле­ке! Менің бұрынғы қызметімнің бір үлкен артық­шылығы - достарыммен кездесіп тұруға аса қолайлы еді: қазір мен олардан көз жазып қалдым, тіпті хат-ха­бар алысатындарым да азайып кетті. Әлеке, әсіресе сіздің ал­ды­ңызда өзімді өте кінәлі санаймын. Сізді көптен бері сағы­нып жүр­­мін, бірақ та Сізбен жүз­десу­ге еш мүмкіндігім болмады, ал хаттың сөзі мені қанағаттан­дыр­майды, сон­дық­тан да жазудан бойымды аулақ ұстаймын», - дейді. Жалпы Әлихан­ды «қарғап-сілеген» бірде-бір алаштықты кездестіре алмайсыз.

Интернет-форумда Әлихан­ды жаппай айыптай бермеген. Олардың ішінде: «Әлихан Бөкейхан болмаса, Қазақстан­ның территориясы бүгінгіден әлде қайда кішкентай ғана болар еді! Әлихан Бөкейхан болмаса, Қазақ­стан ары болғанда Татарстан секілді Ресейдің ішіндегі рес­публика ғана болар еді! Әлихан Бөкейхан болмаса, қазақ тілі татар тіліне жұтылып кетуі де ғажап емес еді», - деп пікір білдіргендер бар.

Жуырда «Темірқазық» пікір-сайыс клубында Фазылбек Әбсаттар деген саясаттанушы алаштықтар бүгінгі күнге үлгі бо­ла алмайтынын айта келе: «Мә­се­лен, Смағұл Сәдуақасұлын өр­теп жатқанда, Әлихан Бөкей­хан қол қусырып қарап отырды», - деп ашықтан-ашық айыптады.

Ілгеріде алашордашыларды коммунистік көзқарастағы аға буын өкілдері сынайтын. Енді бұл пікір жасарып келе жатқан сияқты. Жалпы, бүгінгі таңда ақын-жазушылардың қадірі өмірден өткеннен кейін артады деген пікір қалыптасқан. Өкініш­ке қарай, Әлиханға мұның қатысты жоқ сияқты. Олай дейті­нім, алаш арысының бүгінгі күнге қарағанда, көзі тірісінде қадыр- қасиетін жоғары бағалаған сияқты. Мәселен, 1905-1908 жылдары ақын Көкбай Жанатай­ұлы Әлиханға:

Қарағым, жалғызымсың

қазақтағы,

Ұл тумақ сендей болып аз-ақ

тағы.

Өгіз өліп, болмаса арба

сынып,

Өмірің өткен жансың

азаптағы.

Бал тамған, ханзадам-ай,

қаламыңнан,

Тәңірім айырмасын

талабыңнан!..  - деп жырласа, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы:

Ас-cалаумағалейкум,

данышпаным,

Қамын жеп мұсылманның

алысқаным!

Көп айдың көрмегелі жүзі

болды,

Жүрмісің аман-есен,

арыстаным, -

деп жүрек жарды лебізін білідіре­ді.

Ал өзінің үзеңгелесі Ахмет Байтұрсынұлы:

Қырағы, қия жазбас

сұңқарым-ай,

Қажымас қашық жолға

тұлпарым-ай!

Үйілген өлексені өрге сүйреп,

Шығармақ қыр

басына іңкәрім-ай! -

деген жыр жолдарын арнайды.

Қошке Кемеңгерұлы: «Үкі­мет­тің қара қуғын жасаған күн­дерінде айдауына да, абақ­тысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған - Әлихан. Әлихан­ның қазақ еліне істеген тарихи қызметі: әдеби тіл тууына себеп болды, өзіне ерген топты діни фанатизмге қарсы тәрбие­леді. Бұдан барып татардан ірге­сін аулақ салған қазақ ұлты туды», - дейді. Ал Әлекеңнің өзі болса: «Кейінгіге ғибрат аларлық үл­гі тастап кетіп, алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп, қарғыс лағнет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс» деген екен. «Кейінгіге ғибрат аларлық үлгі тастап кеткен» Әлекеңді айыптамай, керісінше, ардақтай білейік, ағайын!

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 08 (91) 02 наурыз  2011 жыл.

0 пікір