Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4366 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 06:14

Әлімжан Байқадамов. Исі қазаққа, елім деп еңіреген ерлерге, ел ағаларына!

ҮНДЕУ

Қадірменді халайық !

Ата - бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздікке қолмыз жетіп, егемен ел болғанымызға да біраз уақыт болды. Ата- бабаларымыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, бізге аманат етіп қалдырып кеткен жерін қорғау  біздің  парызымыз. Сол кең байтақ жерімізге ие болар келер ұрпаққа үлкен кесепат төніп тұр. Ол кесепат - ішімдік . Алла Тағала ішімдік атаулыны адамзат баласы үшін харам етіп, оны ішуге тиым салған. Пайғамбарымыз (с.а.у)  « Арақ ішпеңдер! Себебі  арақ барша  жамандықтың кілті»  деп үмметерін харам нәрседен сақтануға шақырған. Арақ - азғырушы шайтанның бір құралы. Арақтың адамзат баласына тигізетін зияны шаш-етектен.Арақ ішкен адамнан иман қашады. Ішімдік бар жерден періште қашады, береке кетеді. Сол әзәзіл арақтың кесірінен қазағыма қаншама зиян келіп жатыр.  Қаншама отбасының ошағы ойран болды, қаншасының шаңырығы опырылып ортасына түсті, қаншама отбасынан береке кетті. Тепсе темір үзетін азаматтарымыз бәрінен айырылып,  қаңғыбас күй кешіп, иттермен бірге қоқыс төгетін жәшіктерді жағалап жүр. Аяулы ару қыздарымыз өзін қор етіп арын сатып жүр.

Жетім бала, мүгедек бала, бәрі осы әзәзіл арақтың кесірі. Араққа әуес адамнан барлық адамгершілік қасиеттен жұрдай  әлжуаз, әлсіз, намыссыз, ұсақ мінезді сужүрек ұрпақ тарамақ. Өз басын қорғай алмайтын адам елін , жерін қалай қорғамақ. Тарихқа үңілсеңіз, осы арақтың кесірінен қаншама ұлттың өз тілінен,ділінен және дінінен ажырап қалғанын көресіз.Тіпті тұтас бір ұлттың жоғалып кеткендері де бар.Арақты жоғары жақтан арнайы  заң қабылдап жою мүмкін емес, оған да тарих куә. Бұл әзәзілден құтылу үшін, әр адам саналы түрде күрес  жүргізуі  керек.  Бұл  күресті   әр адам өзінен баста ғана  жеңіске жетпек.

Қадірменді ағайын !

Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Бір қауым өз-өзін өзгертпейіше, мен оларды өзгертпеймін» дейді . Ұрпағымызға, елдігімізге қауіп төндіріп тұрған әзәзілге, аттандап қарсы шабатын уақыт жетті. Қазақтың тамыры ауылда, сондықтан бұл күресті ауылдан бастау керек. Арақ деген әзәзілді үйімізден, ауламыздан, ауылымыздан қуайық. Әр қайсымыздың да араққа кеткен есеміз бар. Намысыңды оят, жігеріңді қайра, қайратыңа мін ағайын! Бұл Қасиетті күреске баршаңызды шақырамыз!

Бұл шараны жүзеге асыру үшін :

Аудан, ауыл әкімдері деңгейінде бұл мәселені көтеру;

Ауылдарға  насихат айту;

Ауыл әкімдері бұл мәселені ақсақалдар  кеңесімен талқылау;

Ауылда  көпшілік жиналысына салып шешім шығару;

Ауылдағы арақ сатушылармен сөйлесіп, арақты дүкен сөрелірінен бірден алып тастау мүмкіндігі жоқ болса, дүкендердегі арақтың санын анықтау, сатылап біткенен кейін қайта алып келуге жол бермеу;

Мектептерде «Арақтың зияны туралы» тәрбие сағаттарын өткізу;

Арақсыз  жиын-той  өткізуді  қадағалау;

Бұл  шараны  жәй науқанға айландырмау;

Сарыөзек «Ақ мешіт» мешітінің имамы Әлімжан Байқадамов және мешіт жамағаттары

«Абай-ақпарат»

0 пікір