Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3271 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 04:41

Бүгін - Жазушылардың дүниежүзілік күні

АСТАНА.  3 наурыз. ҚазАқпарат  - Бүгін  - Жазушылардың дүниежүзілік күні.

Бұл атаулы күн  1986 жылғы қаңтардың 12-і мен 18-і аралығында өткен Халықаралық Пен-клубтың 48-конгресінің шешімімен атап өтіледі.

ПЕН-клубтың негізі 1921 жылы қаланды. Ұйымның атауы - ағылшын сөзінің бірінші әрпінен құралған poets - поэттер, essayists - очеркистер, novelists - романистер аббревиатурасы. Бұл жағдайдың аббревиатурасы ағылшын тілінен аударғанда pen - қалам сөзінің сәйкес келуін ескерте кету керек.

Қазақстанда 750 отандық кәсiби әдебиетшілерді бiрiктiретiн қоғамдық, шығармашылық ұйым - Қазақстан Жазушылар одағы жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының бастауында мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин тұрды. 1925 жылы республикада жас дарындарды біріктіретін және оларды қолдайтын Қазақстанның пролетарлық жазушыларының қауымдастығы құрылды, ал 1934 жылы Қазақстанның кеңес жазушылары одағы болып өзгертілді.

Бұл ұйымды 80 жыл бойы біздің республикамызда Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Ғаббас Тоқжанов, Сәбит Мұқанов, Мұхамеджан Қаратаев, Диқан Әбілев, Әбділда Тәжібаев, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, Әди Шәріпов, Әнуар Әлімжанов, Жұбан Молдағалиев, Олжас Сүлейменов, Қалдарбек Найманбаев басқарды. Қазіргі таңда Нұрлан Оразалин төрағалық етеді.

Бүгінгі Жазушылар одағы - Қазақстанның бұрыннан келе жатқан бірлестіктерінің бірі. Жазушылар одағының құрамында - қазақ, орыс, ұйғыр, немiс және кәрiс әдебиетінің шығармашылық секциялары, Қарағандыда, Семейде, Оралда, Астанада, Шымкентте 5 облысаралық бөлiмшелері бар.

0 пікір