Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2808 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 04:37

Ірі жасанды алмаздар шығара алатын 13Я құпия қондырғысы айдалада тат басып жатыр - Атырау облысы

АТЫРАУ. 3 наурыз.   ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ -  Атырау  облысындағы бұрынғы  Азғыр   ядролық полигонының  аумағында   20  жылдан  бері  13Я  құпия қондырғысы  жұмыссыз тұр.

Бұл   құпия қондырғыны   ірі  жасанды алмаздар    шығаруда   пайдалануға    болады.

Қондырғы 1966-1979  жылдар  аралығында   17 жерасты  жарылысы  жасалған    Азғыр  полигонына   Астраханнан жеткізілген  болатын. Қондырғы   өте  үлкен  болғандықтан, кезінде  оны тасымалдауда   7 қуатты  әскери тягач  пайдаланылған.    Құпия қондырғы  орнатылған      нысан  «Ява» деп аталатын.

Жақында Азғырда болып  қайтқан  Ядролық физика институты  мамандарының    айтуынша, 13Я    қондырғысының көмегімен   су тереңіне   сүңгуді  имитациялау  жағдайында  түрлі техникаларды  сынауға  болады. Техниканың   мықтылығы сонша,   оны   жарылыс  әдісімен  ірі  жасанды алмазтар, бор нитритының поликристалдарын    алуға  болатын  өнеркәсіптік  қондырғы ретінде  де  пайдалануға болады екен.

13Я қондырғысы  осыдан бірнеше  жыл бұрын     құрамына біздің еліміз  де кіретін     халықаралық  ядролық зерттеулер ұйымының  қарауына  берілген еді.   Бірақ     қондырғы  не ғылыми,  не  тәжірибелік  қолданысқа  ие болмай  отыр.   Құпия  әскери-теңіз  технологиялары  бойынша  жасалған   қондырғы  жұмыссыз қарап  тұр.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3513