Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2854 0 пікір 3 Наурыз, 2011 сағат 04:34

ОСК ҚР президенттігіне үміткер 4 адамды тіркемеді

Астана. 3 наурыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ҚР президенттігіне таласуға өздерін-өздері ұсынған 4 адамды тіркемеді. Осындай қаулыны ОСК мүшелері бір ауыздан қабылдады.

«ҚР-дағы сайлау туралы» конституциялық заңға сай және тіркеуге қажет құжаттарды тапсырмағаны себепті орталық сайлау комиссиясы Сәлім Өтен, Гүлдана Тоқбай, Жақсыбай Базылбаев және Серік Сапарғалиларды Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер ретінде тіркеуден бас тарты», - деді ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев бейсенбі күнгі отырысында.

Үміткерлер салық органдарынан өздері мен жолдастарының кірістері мен жеке мүліктері туралы декларация, сондай-ақ үміткерлердің сайлау жарнасын төлегені туралы анықтама, биографиялық мәліметтер мен территориялық сайлау комиссияларының олар жинаған қолдарды тексергендігі туралы хаттамаларын тапсыруы тиіс еді.

ОСК хатшысының айтуынша, аталған тұлғалар салық органдарынан анықтамалар мен ОСК-ға сайлау жарнасын төлегендігі туралы анықтамалар тапсырмады.

Одан басқа, дейді Б. Мелдешев, үміткерлер «өздерін қолдаушылардан қол жинауды өте баяу жүргізді».

Мысалы, С. Өтен 32 қолы бар тек бір ғана хаттама тапсырыпты.

«Гүлдана Тоқбаева іс жүзінде бір де сайлау комиссияларында көрінген жоқ. Интернет басылымдарға ол тіркеу аяқталғаны туралы естімегенін айтыпты.  Ж. Базылбаев БАҚ-тарға өзінің кандидатурасын алып тастайтындығын жариялағанымен, ОСК-ға өтініш берген жоқ», - деді ОСК хатшысы.

Сонымен қатар, деді ол, С. Сапарғали телефон арқылы өзін қолдаушылардан қол жинау қиындығы себепті сайлау алды жарыстан шығатынын хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, 2-ші наурызда 3-ші сәуірде өтетін мемлекет басшысының сайлауына үміткер ретінде қатысушыларды тіркеу аяқталды.

Сөйтіп, ОСК тіркеген 4 үміткер ғана - Нұрсұлтан Назарбаев, Мэлс Елеусізов, Жамбыл Ахметбеков, Ғани Қасымовтар халық арасында үгіт-насихатқа кірісе алады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3530