Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2640 0 пікір 28 Шілде, 2018 сағат 14:24

Алматыда 101 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталған

Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, биыл Алматыда 157 көше жөнделеді деп жоспарланса, осы күнге дейін олардың 101-інде жөндеу жұмыстары аяқталып үлгерген. Сондай-ақ, қазіргі таңда қаладағы Тимирязев көшесі бойында да жөндеу жұмыстары қайнап жатыр. Өйткені, онда үстіміздегі жылы алғашқы жүйрік автобустар желісі өз жұмысын бастайтын болады.

Осыған орай, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасының хабарлауына сүйенсек, жаңартылған желімен автобустар сол жақ шеткі жолақпен жүреді екен. Ал басқа автокөліктер үшін оң жақтағы шеткі жолақ бөлініп беріледі деп жоспар­ланып отыр. Сондай-ақ, алғашқы жүй­рік желінің әзірше жалпы ұзын­дығы 8,7 шақырымға созылатын болса, осы күнге дейін оның 2 шақырымнан астам бөлігі жасалып қойылған көрінеді.

Жалпы, алдағы уақытта БРТ Мұстафин, Сүлейменов, Жандосов, Ти­мирязев көшелерімен жүріп оты­рып, Желтоқсан көшесімен аяқтала­тын болады. Бұл ретте бүкіл бағыттағы аялдамалар жаңартылып, тек қана Розыбақиев және Манас көшелерін­дегі аялдамалар бұзылады деп жоспарланып отыр.

Қысқасы, бұл жаңа желімен автобустар ағымдағы жылдың Қала күні­ мерекесінде немесе қыркүйек айының аяғында жүре бастайды деп күтілуде. Ал оның құрылыс жұмыста­рына 4 млрд. теңгедей қаржы жұмса­латын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1578
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2276
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3593