Жұма, 29 Наурыз 2024
4008 0 пікір 3 Тамыз, 2018 сағат 09:43

Ашхабадта мектеп ұстаздары жаппай көше тазалауға шыққан

Түркіменстан астанасында мектеп ұстаздарын көшелерді тазалау жұмыстрына шжегу әлі тоқтаған жоқ.

Азатлык тілшісі Аманмырат Бугаевтың айтуынша, 45 күндік демалыстан оралған ұстаздар түске дейін мектеп маңайындағы көшелерді сыпырып, арам шөптерді жұлумен айналысып жүр.

"Мектеп маңында саябақ бар. Ұстаздарды осы саябақтағы арам шөптерді тазалап, көше сыпырып жүр. Одан соң мұғалімдер мектепке келіп, оқушыларға жаңа киім үлгісіне қатысты жаңа тәртіптерді оқушыларға хабарлаумен айналысады".

Еске салайық, биыл мектептерде жаңа форма енгізілді. Қыздар енді кең етекті көйлек, ұлттық шалбарлар киеді. Қыпшабел көйлектерге тыйым салынады.​

Аманмырат Бугаевтың айтуынша, ұстаздарға қосымша көше тазалағаны үшін айлық берілмейді. Мұғамдер көше тазалауды шілде айының ортасында бастаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616