Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3135 0 пікір 2 Наурыз, 2011 сағат 05:58

Нұрлан Ерімбетов: «Назарбаевқа дауыс беремін деп шештім»

Ақпанның 28 күні президент Н.Назарбаев бір топ журналистермен кездескені мәлім. Кездесуде саясаттанушы Нұрлан Ерімбетовте болды. Президентпен кездесуден кейінгі түйген ойларын білмекке Нұрлан мырзаға хабарласып, аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік.

«Абай-ақпарат»

- Президентпен кездесуге шақырылған журналистердің арасына қалай кіріп кетіп жүрсіз?

- Оны білмедім. Маған президент әкімшілігінен телефон соқты. «Сізді осындай тізімге қостық», деді. Шынымды айтсам, мен үшін бұл жаңалық болды. Өз жағдайымды білем ғой. Менің топшылауымша, билікте бетбұрыс бар.

- Қай жаққа?

- Бетбұрыс - өзінің ойы бар, қабылданған ережеге көнгісі келмейтін  жігіттерді шақырсақ деген ниет. Себебі, менімен бірге болған адамдар белгілі адамдар. Олардың қоятын сауалдары да, айтатын әңгімелері де анық.  Екіншіден, мен өзімді журналистпін деп есептемеймін.  Ол жерде журналист емес жалғыз мен болдым. Мәселе президенттен сұхбат алуда емес, мен үшін ол арман емес. Бірақ, тағы да қайталаймын, бұл биліктің үлкен бетбұрысы.

- Сонда билік сайлаудан кейін өзгеріс жасау мүмкін дегіңіз келеме?

Ақпанның 28 күні президент Н.Назарбаев бір топ журналистермен кездескені мәлім. Кездесуде саясаттанушы Нұрлан Ерімбетовте болды. Президентпен кездесуден кейінгі түйген ойларын білмекке Нұрлан мырзаға хабарласып, аз-кем әңгіме-дүкен құрған едік.

«Абай-ақпарат»

- Президентпен кездесуге шақырылған журналистердің арасына қалай кіріп кетіп жүрсіз?

- Оны білмедім. Маған президент әкімшілігінен телефон соқты. «Сізді осындай тізімге қостық», деді. Шынымды айтсам, мен үшін бұл жаңалық болды. Өз жағдайымды білем ғой. Менің топшылауымша, билікте бетбұрыс бар.

- Қай жаққа?

- Бетбұрыс - өзінің ойы бар, қабылданған ережеге көнгісі келмейтін  жігіттерді шақырсақ деген ниет. Себебі, менімен бірге болған адамдар белгілі адамдар. Олардың қоятын сауалдары да, айтатын әңгімелері де анық.  Екіншіден, мен өзімді журналистпін деп есептемеймін.  Ол жерде журналист емес жалғыз мен болдым. Мәселе президенттен сұхбат алуда емес, мен үшін ол арман емес. Бірақ, тағы да қайталаймын, бұл биліктің үлкен бетбұрысы.

- Сонда билік сайлаудан кейін өзгеріс жасау мүмкін дегіңіз келеме?

- Солай. Менің байқағаным, өзіндік көзқарастары мен ұстанымдары бар азаматтарға мүмкіндік беруге ұмтылыс бар сияқтанады. Мысалы, «Айт парк» бар, басқасы бар кей кезде біз қатты кетіп қаламыз ғой. Билікпен кейде келіспей өз пікірімізді ашық айтып жүрміз. Биліктің санасатыны - бізбен халық санасатын болды. Менің орныма «Егемен Қазақстанның» немесе басқа бір газеттің журналисі отырса да болатын еді ғой.

- Президентке қойылатын сауалдар арнайы сұрыпталады ма екен? Әлде әр қайсыңыз өз қалаған сауалдарыңызды қойдыңыздар ма?

- Жоқ. Әр қайсымыз өз сауалдарымызды бердік.

- Алдын ала ма?

- Иә, алдын ала. «Қандай сауал қойғыңыз келеді?»,-деді. Он шақты сауал жолдадым. Уақыт тығыз болады деп айтты. Мен де байқадым. Екі сауалдан қойғаның өзінде екі сағат болды ғой. Бірақ ұсыныс бізден болды.  Сайлау және президенттің жариялаған реформалары туралы, олардың орындалмауы жөнінде сауал қойдым. Әрине, сауалды ыңғайлы формада қойдым.

- Тігісін жатқызып дейсіз ғой?

- Иә, бұл басқа жағдай. «Айт парк» емес дегендей.

- Егер өзіңізді сайлаудан кейін президент аппаратына жұмысқа шақырып жатса барасызб а?

- Барамын. Бірақ, шешім қабылдайтын лауазымға барамын. Жай орындаушы, барып кел, шауып келге жоқпын. Біріншіден, жасым келді. Екіншіден, тәжірибем бар. Қоғамдық пікірдің қалыптасуына өз үлесімізді қосып жүрміз. Одан айырылу өте қиын. Ағайындарым, достарым, «Сенің осындай сұхбатыңды оқып едік, бағдарламаңды көріп едік, дұрыс екен»,-деп жатады. Немесе поезда, самолетта, таксиде: «Аға, сіздің бағдарламаңызды көрдік, сұхбатыңызды оқыдық. Рахмет, жақсы айттыңыз» деп жатады. Елдің осындай ықыласын, құрметін барып кел, шауып келге айырбастамаймын.  Мен халқымның ықыласын бірінші орынға қоямын.  Қоғамның көзқарасын кездейсоқ жағдайларға айырбастамаймын. Шешім қабылдайтын болмаса сол шешімнің қабылдануына үлесімді қосатын жағдай болса да барар едім.

- Сіз президентке Араб әлемі туралы сұрақ қойдыңыз. Президент мұның бәрі дүниежүзілік экономикалық  дағдарыстың кесірі деді. Сіз жалпы президенттің әңгімесінен қандай ой қорыттыңыз?

- Ең бастысы - біздің әлеуметтік жағдайымыз. Сондықтан, президент өз ойын шынайы айтты. Біз көп жағдайды саясаттандырамыз. Жалпы халыққа не керек? Халыққа әлеуметтік саты, бала -шағасының жағдай жақсы болғаны қажет. Сосын, өзінікі болмаса да ұрпағының болашағы.  Мұның барлығы әлеуметтік жағдайға келіп тіреледі. Мұны президент кеше айтты. Жұмыс, табыс болу керек.

Менің ойымша, қазір исламды модернизациялау керек сияқты. Бүгінгі өмірге, жағдайға бейімделу керек.  Себебі, исламда көп нәрсе  догма.  Қатып қалған. Үзілді-кесілді. Бірақ, өмір өзгеріп жатыр. Әрине, әлеуметтік, мәдени, геосаяси жағдай бәрі өзгеріп жатыр. "Біздің осындай қағидамыз бар", деп қатып қалатын жай жоқ. Мен теолог емеспін. Ол жағынан онша хабарым жоқ. Бірақ, теологтар, дінтанушылар, құранды негізге ала отырып, модернизациялау жөнінде көп айтса, бүгінгі жағдайға бейімделуге жол табуға болады.  Киімнен бастап, бүкіл көзқарасқа. Бұрын қалай болды? Тек қана ислам бізді құтқарады. Ислам бізде жақсылыққа алып барады. Каддафи болсын, басқасы болсын  ол құдайдың  жердегі өкілі дегендей айтылды ғой. Бірақ, халық қарап отыр.

"Ислам конференциясына төрағалық жасайтын уақытымыз өте қиын жағдайда дөп келіп тұр", деп президент айтты. Сондықтан  мұсылмандар бір-бірімізді алдамай ашық әңгімеге келуіміз керек. Буддизм, хрисианство, индуизм,  кришнаид бәрі келіп жатыр. Біз сонда қалай қозғаламыз? Өзімізді өзіміз қалай қорғаймыз?

- Сайлаудан кейін үкіметте қандай өзгерістер орын алуы мүмкін? Саясаттанушы ретінде өз пікіріңізді айтсаңыз.

- Сайлаудан кейін үлкен әңгіме орысша айтқанда, «пост Назарбаевский периюд» жайында үлкен әңгіме басталуы қажет секілді. Бұл әңгімені президент өзі бастауы керек сияқты.

- «Назарбаевтен кейінгі Қазақстан» деген дейсіз ғой?

- Иә, «Назарбаевтан кейінгі Қазақстан». Осы әңгімені президенттің өзі алға шығару керек.  Бәріміз пендеміз. Бір-бірімізді алдамайық.  Бізде қазір президент басқа адам болса қалай болады, не болады?-деген үрей бар.  Мына Ресейді мен мақтамайын, басқа мемлекеттерді айтпағанда, бірақ менің Ресейдегі достарымда үрей жоқ. Олар айтады: Ельцин болды, Путин келді, Медведъев болы, ертең «Волков», «Зайцевтер» келеді. Ертең ел басы кетсе біз құримыз, азаматтық соғыс басталып кетуі мүмкін деп жатады. Ол да мүмкін. Себебі, біздің саясатта билік ауысу тәжірибесі қалыптасқан жоқ. Ондай тәртіп, ереже қалыптасқан жоқ. Шынын айтқанда, маған Нұрлан Ерімбетовке  азамат ретінде ертең кім президент болады? -  бәрібір болуы керек. Мен бір кішкене мысал келтірейін. Біз кезінде Мәскеуде оқып жүргенде бізге Франция, Испания, Германиядан студенттер келіп, үлкен кездесу болды.  Сонда біз, Совет студенттері Брежневтен бастап барлығының аты-жөндерін, қызметін барлық республикалардың бірінші хатшыларының аты-жөндерін білеміз. Шет елден келген достарымыздан сұраймыз ғой: "Сіздердің мемлекеттеріңіздің үкімет басшысы кім?", дегенде көбісі білмейді екен. Сол кезде оларға «Сіздер сауатьсыз екенсіздер»,-деп айтқан едік. Қазір ойлап қарасам, олар сауатсыз емес, олар бақытты екен. Себебі, оларға премъмер-министр кім болады, президент кім болады - бәрібір. Өйткені, олардың басшылары өзгергенімен, жеке өмірлері өзгермейді. Сол бала-шағасы, сол әйелі, сол жұмысы барлығы қаз қалпында. Міне, мәселе қайда жатыр. Менің жеке өмірім өзгермеуі керек. Сондықтан бүгін Назарбаевта үлкен жауапкершілік бар. Ол қандай жауапкершілік? Ертең ол кеткенде бізде үлкен қақтығыс басталмауы, әдет ғұрпымыз өзгермеуі, мен өзімнің бар дүниемнен айырылмауым керек. Жаңа саясат пен жаңа ереже пайда болмауы керек. Назарбаев бастаған, қалыптасқан саясат жалғасуы қажет.

- Биыл Қазақстан Ислам конференциясына төраға болады. Қазақстандағы исламның діни ағымдарының жағдайы ушығып тұрғанын өзіңіз білесіз ғой. Осы жағдай сайлаудан кейін біржақты шешіледі, үкімет тарапынан қолға алынады деп ойлайсыз ба?

- Менің байқағаным, біздегі дін жөніндегі көзқарас өзгеріске түсуі шарт. Осыны билік қазір бірінші орынға қойып, заңдарды күшейту керек. Дін саласында либерализация, демократизация болмайды.  Шетелден келіп жатқан ағымдар, көзқарастар қаншама. Керек болса, исламның ішінде қаншама қозғалыстар, ағымдар бар. Бұл дүниелер халықты бір-бірінен ажыратып жатыр ғой. Қазір жұма намазға барыңызшы, Алматыда ғана емес, ауылдарда да бәрі бөлек-бөлек тұрады. Себебі, қазақ бүгін әлеуметтік жағдайда, саяси жағдайда пәленбай топқа бөлінеді. Көші -қон мәселесі, қала мен ауыл деп те бөлінеді. Қазір менің үлкен уайымым - ислам дінінің ішінде әр түрлі көзқарас, әр түрлі топтарға бөліну басталды. Сондықтан қоғамда қорықпай, үрікпей үлкен әңгіме басталуы керек сияқты.  Бізге қандай дін қажет? Біз кімбіз? Салафид, Салафия, Құранид, Уахаб толып жатыр. Әр қайсының өз ақиқаты бар. Бірақ, қазаққа қай ағым тән? Біздің табиғатымыз қандай? Осыны неге анықтамаймыз? Мен кейде қорықамын, бізде дін аралық мәселе басталса қиын болады. Осы сауалды сіз дұрыс қойдыңыз. Осы тақырыпты біз, мен, сіз, мына Абай кз, басқаларда күн тәртібіне қоюға тиіспіз. Себебі, әр қайсымыздың әлеуметтік әр топқа жатуымыз өз алдына, бірақ, діннің ішінде, исламның ішінде біз бөлінсек, ол үлкен қақтығысқа алып келеді.

- Кешегі сұхбат барысында да айтылды. Президенткөп жылдардан бері айтып келе жатқан көп тілділік, көп ұлттылық деген ойларына қалай қарайсыз?

- Шынын айтқанда,  қолдаймын оны. Кей біреулер айтады, "біз кілең қазақ болсақ", дейді. Мен оны қолдамаймын. Әр дамыған мемлекеттің көрінісі ол - көп ұлттылық. Мысалы, Парижды, Нью-Иоркты, Лондонды алсақ, бәрі де көпұлтты қалалар.  Даладан келген қазекең демейік, бірақ, әр жақтан жиналған адамдар. Неге бізден орыстар, кәрістер, украиндықтар көшіп жатыр? Көші-қон жағдайы ол біздің әлеуметтік жағдайымызды көрсетеді. Жағдайы қиын болса, ол сол кезде патриот болып өз елін іздейді. Ал егер жағдайы жақсы болса, ол сол елде қалудың жолын іздейді. Менің айлығым аз, жұмысым жоқ, жағдайым нашар деп кетпейді. Ол өзін жұбату үшін «Мен ата-бабамның жеріне бара жатырмын»,- дейді. Ал ертең дамып жатсақ, бәрі келсін. Бірақ, қазақ бірінші болуы керек. Екіншіден, қазақ қай жағдайда мықты болады? Бәсекелестік бар жағдайда мықты болады. Біз ру, жерлес ретінде емес, басқа ұлттармен бәсекелес болуымыз керек.

- Яғни сіз, мемлекеттік саясатта қазақ мүддесінің бірінші орынға шыққанын, мемлекетті құраушы ұлт ретінде қазақтың көбейгенін қалайсыз ғой?

- Ол менің ойымда бірінші орында тұр. Біз соған келе жатырмыз.  Қазақ тілі тұғырына қонуына, халықтың көбеюі байланысты бағдарламалар қабылданып, біраз әңгімелер айтылып жатыр. Бұлардың бәрі әшейін сөз ғана. Себебі, біз президенттің кім болғанынан көбейеміз.  Тіліміз басшылыққа қарап қалған жоқ. Қазағым аман болса, тіл өлмейді.  Мемлекеттік тілді меңгергендер 2020-ншы жылға қарай тоқсан пайыз болады деп жатыр, меніңше, тоқсан пайыз халықтың мақсаты. Ал он пайыз биліктің қолдауы. Біз он жылдан кейін сол тоқсан, жүз пайызға келеміз. Жоямын десе де, жоймаймын десе де осы меже орындалады. Себебі, біздің тіліміз, дініміз, діліміз жеке адамға байланысты емес. Біз халықпыз.  Біз кейде патриот болғымыз келеді. Алайда, үш тұғырлы тіл жөнінде саясатты мен қолдаймын. Біздің балаларымыз осы тілдер арқылы  шетелде оқып жүр.

- Сонда өзіңіз президенттің айтқан ойларымен толықтай келісесіз бе?

- Әрине келісемін. Меніңше бұл - ең біріншіден, ашық әрі адами әңгіме болды. Әрине, оның орындалуы жанындағылардың онша ұйымдастыра алмауының салдарынан басқалай болған шығар. Бір байқағаным, ол кісі ашық әңгіме жасағысы келді. Әлбетте, оны бағалайтын халық. Ол кісі келгенде, қоштасқанда ресми баяндама емес, халыққа жақындау әңгіме құрғысы келді.

- Сайлауға барасыз ба?

- Барамын.

- Кімге дауыс бересіз?

- Бүгінгі кандидаттарға қарап отырып, мен Назарбаевқа дауыс беремін деп шештім.

- Рахмет.

«Абай-ақпарат»

0 пікір