Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 2558 0 пікір 2 Наурыз, 2011 сағат 03:39

Қазақстанда ірі қара етін өндірудің болашағы зор - «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы

ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстанда ірі қара етін өндірудің болашағы зор.

1 наурызда Оралда өткен ҚР және РФ ауыл шаруашылығы министрліктерінің бірлескен екінші алқа отырысы кезінде «Қазагро» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков осылай деді.

Оның айтуынша, FASUSDA мәліметі бойынша (2009 жылдың қорытындысымен) әлемде ірі қара етінің экспорты 7322 мың тоннаны құраса, ет импортының көлемі 6696 мың тонна (мұны көптеп тұтынатындар ішінде Ресей де бар) болған екен. Халық саны өсіп, тұрмысының жақсаруы етті көптеп тұтынуға әкеледі. Бұл ретте етті негізгі өндіруші елдер шарықтау шегінде тұр, сондықтан сұранысты одан әрі қанағаттандыру үшін жаңа өнім жеткізушілер қажет. Осы орайда Қазақстанның бірнеше артықшылығы бар. Мұнда ең алдымен ет өнімінің өзіндік құнын азайтып, шығынды азайтуға мүмкіндік беретін жайылымдық жерлер жеткілікті (жалпы аумағы - 180 млн. гектар). Екіншіден, мал бордақылау технологиясы экологиялық жағынан таза. Үшіншіден, Ресей жақын болғандықтан, тасымал шығыны төмен. Төртіншіден, Кедендік одақтың тиімділігі қазірдің өзінде көрініп отыр. Бесіншіден, мал шаруашылығы Қазақстан үшін ата кәсіп екендігі белгілі.

Қазақстан етін Ресейдің Мәскеу, Орынбор, Екатеринбург, Челябі, Омбы, Новосібір, Барнаул қалаларына жеткізген әлдеқайда тиімді. «Қазагроөнім» АҚ-ның 2010 жылғы желтоқсан мен биылғы қаңтардағы есебі бойынша орамдағы салқындатылған еттің әр келісінің бағасы Қазақстандағы орташа бағасы 1200 теңге болса, Мәскеуде - 2200, Санкт-Петерборда - 2350, Алтай өлкесінде 1600 теңге. Сонда көлік шығынын есептегенде, қазақ етін Мәскеуге - 1240, Санкт-Петерборға - 1260, Алтай өлкесіне 1220 теңгеге жеткізуге болады. Яғни, баға жөнінен қазақстандық ет Мәскеу, Санкт-Петербор, Барнаул, Омбы, Новосібір, Алтай өлкесінде бәсекеге қабілетті.

Сапалы етті сыртқа шығару үшін республика облыстарының қолайлы жерлерінде мал бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын орналастыруға болады. Айталық, «Қазагро» холдингі жалпы қуаты жылына 8,2 мың тонна ет өндіретін он бордақылау алаңын және жылына 14,9 мың тонна өнім беретін төрт ет комбинатын қаржыландырып отыр. Соның ірілерінің бірі - БҚО-ның Зеленов ауданы Янайкин ауылында орналасқан «Crown Батыс» ЖШС-інің мал бордақылау кешенінің қуаты - 2073 тонна. Аталмыш кешен жұмысымен 1 наурыз күні шетелдік меймандар да танысты. «Шетелдік технологияға негізделген осындай өндіріс орындары толық қуатында жұмыс жасайтын болса, экспортқа бағытталған ет өнімі көлемін де арттыруға болады. Бұл жөнінен Елбасы қойып отырған талап та осы», - деді А.Мамытбеков.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553