Жұма, 29 Наурыз 2024
Күбіртке 5550 12 пікір 1 Тамыз, 2018 сағат 14:13

Ресейге зымырандарын құлату үшін Жангелдин ауданынан жер берілуі мүмкін

Ресей Федерациясының зымырандарын құлату үшін Қазақстан аумағынан тағы да жер берілуі мүмкін. Бұл туралы ru.sputniknews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Екі мемлекет алдағы уақытта жаңа зымыран аймағы туралы келісім жасады. Ол аймақ Қостанай облысы Жангелдин ауданында болуы мүмкін екені болжанып отыр.

Қазақстан мен Ресей бірлесіп, әуелі Байқоңыр ғарыш айлағынан бастап, ракеталардың құлау аудандарын анықтайды. Соның негізінде келісімдер жасалады.

Бұл жерде негізгі әңгіме OneWeb спутниктерімен бірге ұшырылатын  «Союз» зымыраны туралы болып отыр. Ресей БАҚ өкілдерінің жазуынша, бұл зымыран жаңа траектория бойынша Қостанай облысы, Жангелдин ауданына құлатылуы (басқа аудандар да таңдалуы) мүмкін.

Бұл мәселе бойынша бұған дейін ресейлік және қазақстандық тараптар арасындағы келіспеушіліктер болғанын бірқатар басылымдар хабарлаған еді.

Қазақстан тарапы өз кезегінде Роскосмос пен OneWeb арасындағы келісімшартқа қауіп төндіретін жаңа ауданды қамтамасыз етпейтінін атап өтті.

Алайда, кейінірек «РИА Новости» Роскосмостың баспасөз қызметіне түсініктеме берді. Оған сәйкес, Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Аэроғарыш комитеті OneWeb-пен келісім-шарт үкіметаралық келісім жасалғаннан кейін орындалатынын айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жазда Жезқазған маңында Ресейлік

«Союз-2.1 а» зымыраны құлап, өрт шыққан болатын. Соның салдарынан зымыран бөліктерін жинаумен айналысатын екі жұмысшы қайтыс болған еді.

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3551