Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2749 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 08:19

Саудабаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысына оперативтілік үшін алғыс білдірді

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ- ҚР сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ҚР-дағы президент сайлауын бақылау жөніндегі миссиясының басшысы Даан Эвертске миссияны оперативті түрде жасақтағаны үшін алғыс білдірді.

«ҚР мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Д. Эвертске сайлау барысын бақылау бойынша миссияны оперативті жасақтағаны үшін алғыс білдірді», - делінген сейсенбі күні СІМ ақпаратында.

Қ. Саудабаев «миссияның толыққанды және тиімді жұмыс істеуі үшін қажет жағдайлар жасалатынын» айтты.

Астанада өткен кездесуде тараптар 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде ДИАҚБ-мен құрылымдық ынтымақтастық болғанын атап өтті.

«Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы мейманды алдағы президент сайлауына дайындық барысымен таныстырып, Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес ашық, мөлдір және әділ сайлау өткізуге үлкен мән беріліп отырғанын жеткізді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

0 пікір