Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3269 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 05:47

Кез келген экономикалық реформалардың мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ. Кез келген экономикалық реформалардың мақсаты - азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, дейді Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат беру барысында.

«Жаңа әлеуметтік саясат жеделдетілген экономикалық жаңғырумен бірге қазақстандықтардың өмір сапасын айтарлықтай артыруға бағытталған», деді ол Қазақстан халқына жолдауында айтылған жаңа әлеуметтік саясат туралы айта отырып.

Ол әлеуметтік жаңғырту ісінің түпкі мәні - үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаны одан әрі жүзеге асырып, білім мен ғылым деңгейін арттыру, денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғын үй құрылысын жандандыру, тіл саясатын тиімді жүргізу, ауылға көмек көрсету екенін атап көрсетті.

Президент Қазақстанда білім беруді жаңғыртып, кәсіби және техникалық білім мазмұнын толығымен жаңарту қажеттігін, сапалы білім Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс екен айтты.

Сонымен қатар, мемлекет басшысының айтуынша, денсаулық сақтауды дамытуға баса мән берілуі керек. Бұл орайда, сала алдына қойылған міндеттерді орындау нәтижесінде «2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 және одан да әріге жетуі қажет», - деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев 2011-2014 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы туралы да айтып берді.  Аталған бағдарламаға сәйкес, құрылыс саласына мемлекеттік қолдау көрсетудің төмендегідей негізгі шаралары қарастырылған: 1.жергілікті атқарушы органдардан тұрғын үй құрылысы үшін тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесін пайдалана отырып, қосымша  қаражат бөлу. Бағдарламаның жүзеге асыру кезеңі барысында бұл бағыт бойынша шамамен барлығы 796 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Осы мақсатта Үкімет  127 миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөледі.2. Коммерциялық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерді қаржыландыру. Бұл бағыт бойынша 70 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделген және жыл сайын жалпы аумағы 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. 3.Тұрғын аудандарының инженерлік коммуникациясы құрылысы үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы бөлу. Бұл бағыт бойынша 134 миллиард теңге бөлінді және жыл сайын 3 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Осы тетік аясында серіктес қалалар Астана мен Алматының инженерлік инфрақұрылымын дамыту қарастырылған.  Бұл мемлекеттік және коммерциялық тұрғын үйлердің уақтылы берілуіне мүмкіндік жасайды. 4.Жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы.  Бағдарлама шеңберінде жалға берілетін мемлекеттік тұрғын үй құрылысы жалғасады. Бұл мақсат үшін 40 миллиард теңге қарастырылған және 680 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделген.

«Осы шаралардың барлығы тұрғын үй бағасының жосықсыз өсуіне, алыпсатарлық пен кезекті «көпіршіктің» пайда болуына жол бермеуге бағытталған және жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік туғызады»,- деді мемлекет басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3516