Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4516 0 пікір 1 Наурыз, 2011 сағат 04:11

Дауылбай Құсайынов, депутат. Далалық ескерткіштер далада қалмасын

Мәжіліс депутаты Дауылбай Құсайынов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына бабаларымыздың көзіндей болып ғасырлар қойнауынан сыр шертіп тұрған көне ескерткіштерді сақтап, қорғау үшін осы мәселеге үкіметтің көңіл бөлуін сұрап депутаттық сауал жолдады.

«Абай-ақпарат»

Менің көтеріп отырған мәселем Ұлытау (Ұлы тау)- қазақ халқының тарихи орталығы, далалық өркениет көшпенділері мәдениетінің орталығына арналған.

Ұлытауда қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің  табылуы мен  ғалымдардың зерттеулерімен Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын куәландырады. Ұлытау - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының  құрметтейтін қасиетті жері.

Осы бір көне таудың  кереметтігі Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа өзінің жаугершілік жорығын бастаған.

Мәжіліс депутаты Дауылбай Құсайынов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына бабаларымыздың көзіндей болып ғасырлар қойнауынан сыр шертіп тұрған көне ескерткіштерді сақтап, қорғау үшін осы мәселеге үкіметтің көңіл бөлуін сұрап депутаттық сауал жолдады.

«Абай-ақпарат»

Менің көтеріп отырған мәселем Ұлытау (Ұлы тау)- қазақ халқының тарихи орталығы, далалық өркениет көшпенділері мәдениетінің орталығына арналған.

Ұлытауда қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің  табылуы мен  ғалымдардың зерттеулерімен Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын куәландырады. Ұлытау - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының  құрметтейтін қасиетті жері.

Осы бір көне таудың  кереметтігі Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа өзінің жаугершілік жорығын бастаған.

Ұлытауда Жошы хан мен түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халықтық ауыз әдебиетінде мәңгілік сақталған. Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едіге де осында жерленген. Ұлытаудағы Алтыншоқы тауындағы тас тақтаға 1391 жылы осында болғаны турасында ұлы Ақсақ Темір жазба қалдырған.

Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит дәуірлеріне жол бастап тұрғандай. Археолог-ғалымдар баяғы заманғы адамдардың талай мекендерін және олардың еңбек құралдарын тапты.  Қаракеңгір өзенінің жағасында палеолит дәуірінің Қазақстандағы ең ірі шеберханасы табылды. Өзендердің бойында көне заманның бай елді мекендері сан қилы көмбелер, сағаналары жерленген көне мәдениеттің байлықтары болғаны белгілі болған.

Осы күнге дейін «мұрты бар қорғандардың» құпиясы ашылған жоқ. Бір археологтар бұл мәйіт басына салынған құрылыстар десе, екіншілері көне обсерватория дегенге саяды. Археологиялық қазба жұмыстары мұнда осыдан үш мың жыл бұрын да тау-кен өнеркәсібімен кеңінен айналысқанын және ондағы жергілікті тайпалардың Иракқа, Үндістанға  және Грецияға мыс, қалайы, күміс және алтын жөнелтіп отырғандығына куәлік етеді.

Ұлытау аумағында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке пайдаланылады.

Ұлытауды «көлдер мен бұлақтар елі» деп атайды. Ұлытаудың кең бұлақ суларының пайдалы қасиеттері туралы осы өңірден шеткері жерлерде білген.

Бүгінгі күні 736 ескерткіш мемлекеттік тіркеуге алынған. Археологтардың пікірі бойынша тарихи ескерткіштердің саны 20 мыңға жуық. Күйдірілген қызыл кірпіштен салынған мазарлардың ең көбі Ұлытауда. Саны жобамен 100-ден асады. Жылына екі ескерткішке қайта жөндеу жаңғырту  жұмыстары  жүретінін ескеретін болсақ, көптеген ескерткіштер болашақ ұрпаққа жетпейтіні анық.

Сонымен қатар, бүгінгі күні халықтың көп баратын тарихи орындары заман талабына сай емес. Атап айтқанда:

Алтын шоқы  XIVғ

1391 жылы Әмір Темір Алтын орда ханы Тоқтамысқа қарсы жорыққа аттанады. Олар орта жолда әскерлері әлсіреп Ұлытауға аялдайды. Осы жерде Әмір Темірдің бұйрығымен Алтын шоқы тауының басына тастан қорған тұрғызылып, тас бетіне қашап сөз жазылған.

1935 жылы Қ.И.Сәтпаев осы плитаны  Петербургтегі эрмитажға жіберді.

1940 жылы турколог ғалым, профессор Н.Н.Пооппе аударма жасап, жариялайды- «Хижранның 793 -де, қой жылы Тұранның Сұлтаны Әмір Темір 200 мың әскерімен Тоқтамыс ханмен соғысуға бара жатыр. Осы жерге жеткенде олар осы қорғанды өшпейтін белгі қалдыру үшін тұрғызды. «Алла ісімізге жар болсын!» - делінген.

Өзекті мәселе: Сарлық ауылынан 15 шақырымдық тас жол салу қажет.

Хан  ордасы ХVІІІғ.

Ұлытау селосынан солтүстік-шығысқа қарай 26 км жерде жазық далада сақталған аса маңызды тарихи ескерткіш. Төрт бұрышты етіп салынған құрылыстың ұзындығы 150 м, ені 90 м шамасында. Бір-бірімен жапсарластыра салынған арасынан су ағатын ор өтетін екі бөліктен тұрады. Үйінді бұрыштарының барлығы биік, әрі енділеу. Олардың сақшы- қараушыларға арналған мұнара екендігін байқауға болады. Академик Ә.Х.Марғұлан  Хан ордасын ІХ-ХІІІ ғасырларда қорғаныс үшін тұрғызылған қамал-бекіністер тобына жатқызады.

Өзекті мәселе: Ұлытау-Сарлық жолынан 5 шақырым тас жол салу қажет.

Басқамыр Х-ХІІғ.

Ұлытау ауданы, Жезді қалашығынан солтүстікке қарай Жезқазған-Ұлытау жол бойында 23 км жерде орналасқан. Мемлекеттік маңызы бар ескерткіш. Бұл ортағасырлық қамал қалдығы, үш мықты қорғанмен қоршалған, цитадель және ірі мұнаралар орнатылған.  Қалашықтың оңтүстік шығысы жағынан керуен жолы жүріп, Сарысудың төменгі ағысы арқылы Сырдария және Ұлытау аудандарын байланыстырып тұрған ескерткіш.

Өзекті мәселе: Жезказған-Арқалық жолынан 1 шақырым тас жол салу қажет.

Едіге XIV-ХVғ

Едіге Құтлу Қабанұлы 1352 жылы Қаратауды теріскей бетіндегі Құмкент шахарында туып, ғұмыр кешкен әйгілі би, батыр.  Едіге Алтын Орданы 1397 жылдан 1413 жылға дейін билеген. Москва, Киев княздықтарына ойран салып, салық жинап отырған. Ал 1419 жылы жараланып, көп ұзамай қайтыс болды.

Едіге моласы Ұлытау тауларының ұшар басында орналасқан.   Едіге обасы биіктігі 3 м -ден астам, көлемі (диаметрі) 7 м -ге жуық, табиғи тастан үйілген ескерткіш.

Өзекті мәселе: Ұлытау-Сарлық тас жолынан тауға қарай 10 шақырым тас жол салу қажет.

Ақмешіт Әулие тауы XV-XVIIIғ.

Жұмыр жер бетінде жаратқан иенің ерекше мейірім-шапағатына бөленген әулие мекендер бар. Оларды адамзат баласы әлімсақтан танып, кие тұтып келеді. Топырағын сүйіп, тәу етеді. Ал, суы мен ауасының дертіне шипа екенін ертеден-ақ білген, қадірлеген. Осындай ғарышпен ерекше қатынасы бар екендігін барша ғалымдар даусыз мойындаған жер Ұлытау! Ұлытаудың тамаша емдік, әулиелік қасиетінің дәлелі ембұлақ пен Әулиетау! Ата-бабаларымыз қазақ жерінің түкпір-түкпірінен ат тұяғын тоздырып келіп, дертінен арылып қайтатын тағзым орны осы- ембұлақ пен Әулиетау.

Өзекті мәселе: Ұлытау селосынан 2 шақырым тас жол салу қажет.

«Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының

бірлігінің белгісі» Монумент

Монумент дүниенің төрт құбыласына бет беріп, аспанға шаншылып тұрған 4 стильдік арғымақ сұлбасынан құралған.

Монумент тұғырының өзі сонау сақтар дәуірінен бізге жеткен күнтізбенің негізінде жасалынған. Монумент табанын өрнектеуге қолданылған алуан түсті тастар мәңгіліктің белгісін, сынып түскен күн сәулесін сипаттап, ортаға, бірлікке ұмтылдырады. Төрт жаққа сатылайтын жол егемен еліміздің еркіндігін айғақтайды. Алаңның дәл ортасындағы тас діңгек елдің бірлігі мен қуатын негіздейді. Ұлытау селосының оңтүстігінде 9 шақырым жерде орналасқан.

Алашахан XI-XIIғ

Алашахан кесенесі Қаракенгір өзенінің оң жағалауында, Малшыбай елді-мекенінің оңтүстік шығысында 2 шақырым жерде орналасқан.

Алашахан кесенесі порталды күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Ені-9,73, ұзындығы-11,9, биіктігі-10м. Күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған, көлемдері әртүрлі. Ең үлкенінің өлшемі 320 х 320 х 60 мм, қалыңдығы 10 сантиметрге жуық. Кіре-беріс сол жақ бұрышта баспалдақты есік бар. Сол баспалдақ арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездің екінші айналма қабатына, одан портал арқасының жиек тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Жарық кесенеге қабырғада орнатылған терезелер арқылы түседі.

Өзекті мәселе: Жезқазған-Сарыкеңгір жолынан 500 метр тас жол салу қажет.

Жошыхан ХІІ-ХІІғ.

Шынғысханның үлкен ұлы Жошыхан (1187-1227жж.)

Жошыхан мазары Жезқазған қаласынан СШ-қа қарай 50 шақырымда, Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш. Жошыхан мазары порталды-күмбезді ескерткіш қатарына жатады.

Өзекті мәселе: Жезқазған-Алғабас жолынан 30 шақырым тас жол салу қажет.

Домбауыл VI-IХ ғ.

Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің Орталық Қазақсанда көп тараған бір түріне жатады.  Жезказған қаласынан 59 шақырымдай жерде орналасқан.

Ел ішіндегі «дің», «дың» деп аталатын ескерткіштер осы Домбауыл кесенесі үлгісіндегі жәдігерлерге қаратыла айтылады. Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу кешені де осындай құрылыс. Ә.Марғұланның айтуынша дыңдар Қазақстанда Торғай, Кеңгір өзендері бойында көбірек кездеседі. Бұлардың барлығы Орта Азияға мұсылман діні тарағанға дейін VI-IX ғасырларда тұрғызылған ескерткіштер.

Өзекті мәселе: Жошыхан мазарынан 9 шақырым тас жол салу қажет.

Болған ана ХІІІғ.

Ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші. Жезқазған қаласынан 50 шақырым оңтүстік батысқа қарай орналасқан. Болған ананы XVIII ғасырда П.Рычков, 1946-1948 жылдар аралығында Ә. Марғұлан зерттеген.

Кесене атына байланысты әр түрлі болжамдар айтылады. Бір деректерде онда Жошыханның Сырдария мен Талас өзендері арасын жайлаған қаңлы тайпасының билеушісіне ұзатылған қызы Болғанның жерленгені айтылады.

Өзекті мәселе: Жезқазған-Қызылорда жолынан 15 шақырым тас жол салу қажет.

Теректі әулие

«Теректі әулие» атанған төбешіктер шоғыры Жезқазғаннан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде орналасқан. Бұл жерден көне тарихи ескерткіштер табылған. Мысалы: тас бетіне салынған суреттер, көне кен өндірілген орындар, мазарлар. Теректі жартасындағы бейнелер біздің заманымызға дейінгі 1 мың жылдықтың соңы мен біздің заманымыздағы 1 мың жылдықтың басында бедерленген.

Өзекті мәселе: Жезқазған-Қарағанды жолынан 18 шақырым тас жол салу қажет.

Бұлардың әр қайсысына анықтама тақтасын, шатырлы демалыс орнын, қоқыс жәшігімен, көлік тұрағымен, жол белгілерімен, әжетханамен, темір шарбақпен қоршау, ошақпенен қамтамасыз ету қажет.

Ұлытау табиғат ескерткіштерін, археологиясын, архитектурасын тарихи ландшафтыларын қорғап сақтау, насихаттау оны тиімді пайдалану мақсатында «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы»  Қазақ  СРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылы 29 қарашадағы № 466 қаулысымен құрылған.

Қорық-мұражайға қарасты Мәдениет министрлігімен бекітілген 25 тарихи мәдени кешен бар. Кешендердің жер көлемі 147246 га. Қорық-мұражай ғимараты 1974 салынып, экспозициясы 1996 жылы құрылған. Мекеме археологиялық, архитектуралық және табиғат  ғылыми зерттеу бөлімдерінен тұрады.

Қазіргі таңда қорық-мұражайдың ғимаратына күрделі жөндеу жұмысын жүргізу керек: қорық-мұражайдың жаңа экспозициясын құру, монументтің екінші кезеңіне қаржы бөлу, қорық-мұражайдың визит-орталығын салу, 25 кешенге кемінде 10 күзетші қажет, бүгінгі күні тек 3 күзетші ғана. Көлемі 147246 мың га.  25 кешенді аралауға  автокөлік және археологиялық және архитектуралық жұмыстарға қатысуға автокөлік қажет, қорық- мұражайдың кешендерінде археалогиялық барлау жұмыстарын жүргізу, кешендердегі маңызды ескерткіштерді темір шарбақпен қоршау талап етіліп отыр.

Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Егер бұл мәселелер шешімін тауып жатқан жағдайда тек қазақстандықтарды ғана емес сонымен қатар шетелдіктерді қызықтыратынына өз басым кәміл сенем. Сол себепті шешу жолын тек өзіңіз табады деген сеніммен, бақылауыңызға алып тиісті уәкілетті органдарға тапсырма беруіңізді өтінемін».

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр

0 пікір