Жұма, 29 Наурыз 2024
3669 2 пікір 30 Шілде, 2018 сағат 08:55

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ұлттық рухты нығайтуға арналған кеш өтті

Астана қаласында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен, мәдени ашықтыққа, ұлттық рухты нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің шығармашылық әлеуетін дамытуға арналған шығармашылық кеш өткізілді.

Шығармашылық кеш мемлекеттік қызметшілердің санасын жаңғыртуға арналған. Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір қазақстандық ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек, оның бір факторы мәдени ашықтық.

Бұл кеште мемлекеттік қызметшілер айтыскер ақын Балғынбек Имашевтың шығармалығымен танысты.

Кеш барысында шынайы отансүйгіштік, жастардың адамгершілік тәрбиесі, тіл, Қазақстан халқына қызмет ету сияқты өзекті мәселелер көтерілді.

Айтыскер ақын өз сөз сөйлеуінде көпшілікке өзінің шығармашылық туындыларын таныстырып, көрермендермен әңгімелесу барысында суырып салма ақындық шеберлігін көрсетті.

Мемлекеттік қызметшілер Балғынбек Имашевтың шығармашылық туындылары арқылы сананы жаңғырту идеясын ұғына түсті. Бұған дәлел, шара соңында айтыскер ақынға қойылған біршама сұрақтар.

Айта өту керек, мұндай кештер Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тұрақты түрде айына
2 рет, бейсенбі күндері ұйымдастырылуда.

Бүгінгі күні Агенттік Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып мемлекеттік қызметшілер үшін 2 шығармашылық кеш өткізді.

Аталған кештер көпшілікке кеңінен танымал шығармашылық қайраткерлер және ақындар Бауыржан Қарағызұлы, Дәулеткерей Кәпұлы, Ұларбек Нұрғалым, Дәуірбек Құдабайұлы, Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Жадыра Байбұланова қатысуымен өтті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576