Сенбі, 20 Сәуір 2024
3167 0 пікір 25 Шілде, 2018 сағат 09:05

Алматы соты қырғыз депутаты Дамирбек Асылбек уулуның қамаудағы мерзімін ұзартты

Жогорку Кенештің Қазақстанда ұсталған бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбек уулу Алматыда қамауда тағы екі ай - 15 тамызға дейін отырады. Бұл туралы ақпарат құралдары Алматы қалалық сотына сілтеме жасап хабарлады.

35 күдікті, солардың ішінде Қырғызстанның үш азаматы, кеден органының лауазымды қызметкерлері, шекарашылар мен брокерлер Қазақстанның күш құрылымдары 15-16 ақпанда жүргізген арнайы операциясы нәтижесінде ұсталды. Арнайы операцияға Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстары және Алматы қаласының мамандары қатысты.

Олар "халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топқа" қатысы бар күдіктілерді тергеу ісіне байланысты ұсталды.

16 сәуірде Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Асылбек уулуның депутаттық мандатын алып тастады. Оған күдіктінің қос азаматтығы бар деген мәлімет себеп болған.

Бұның алдында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Дамирбек Асылбек уулуның қазақстандық төлқұжаты болғанын мәлімдеген. Бұрынғы депутаттың туыстары бұл ақпаратты жоққа шығарып, оны әлдекімдер кек алу үшін ұстап берген деген болжамдарын айтты.

Abai.kz

0 пікір