Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
3819 3 пікір 24 Шілде, 2018 сағат 10:00

Трамп Путинмен келіссөзде "артық ештеңе айтпадым" деп мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Хельсинкиде Ресей президенті Владимир Путинмен жабық кездесуде "артық ештеңе айтпадым" деп мәлімдеді. Бірақ ол келіссөз кезіндегі әңгімені нақты айтып беруден бас тартты деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Трамптың партияластары – республикашылдар соңғы кезде Трамп пен Путин құпия келісімге келуі мүмкін дегенді айтады бастады.

Ал Трамп болса, Твиттерге "Біз тек екі елдің болашағы мен мүмкіндіктеріне пайда әкелетін мәселелер жөнінде ғана әңгімелестік" деп жазды.

Хельсинкидегі саммиттен кейін Трамп Путинмен Солтүстік Кореяны ядролық қарусыздандыру, Таяу Шығыстағы жанжалды реттеу секілді мәселелерді көтердік деп мәлімдеген. Ал Кремль келіссөз барысында Путин Трампқа Украинадағы жанжалды реттеу үшін нақты ұсыныс айтқан деп мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео де екі тарап сириялық дағдарысты талқылады деді.

АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды шенеуніктері мен Конгресс мүшелері жабық есіктегі әңгіменің не жайында өткенінен хабарсыз екенін мәлімдеді. Бірақ соған қарамастан Трамп Путинді Вашингтонға шақырып отыр.

Abai.kz

3 пікір