Жұма, 29 Наурыз 2024
46 - сөз 3797 2 пікір 23 Шілде, 2018 сағат 14:19

«Тікелей Тозаққа!»

ХХ ғасырдың басында АҚШ үкіметі S-сериалы суасты кемелерін шығара бастайды. Осы маркалы 36 кеме сәтті құрастырылып, екінші дүниежүзілік соғыста да қолданылған.

1919 жылы 20-тамызда S-5 деп аталатын суасты кемесін Солтүстік Атлантика суларында сынақтан өткізу жұмыстары жүргізіледі. Әуелде жап-жақсы басталған тәжірибе алып кеме су астына төмендеу кезінде.., бір матростың сырттан ауа кіретін арнайы қақпақты уақтылы жауып үлгере алмау себебінен, ішіне су кетіп.., мұхит түбіне жербауырлап барып жата кетуіне душар етеді.

Құрама Штаттарының 28 тәжірибелі теңізшісі сыртқы дүниемен байланыса алмай, ел аман, жұрт тынышта су қамағына тұтқын боп, ажалын күтіп жатқаннан басқа еш шарасыз хәлге тап болады. Ол кезде суасты радиотолқыны арқылы хабар тарату технологиясы әлі зерттелмегенін ескерсек, бұл - таза жантүршігерлік ахуал еді.

Не істейміз деп жанталасып жүргенде.., бір матрос кеме қоймасынан бір бума кабель тауып алады. Дереу кеме капитаны мен механикті байланыстыратын телефонды арнайы қалтқыға орналастырып, су бетіне шығарады.

Шағалалардың өзі сирек ұшатын мұхит бетінде.., кәдуілгі телефон дамылсыз шырылдап.., 28 адамның өміріне араша сұрап, тұра береді...

Су астындағы әрбір минут - санаулы. Әр секунд - өмір. Сыртқы дүниемен байланыс болмаған соң, S-5 суасты кемесінің капитаны Кук деген тәжірибелі теңізші соңғы амал - нартәуекелге бел буады.

Судың тереңдігі - 60 метр. Кеменің ұзындығы - 70 метр. Егер жартылай су толған кеменің тұмсығын төмен қаратып, сәл ғана моторын қосса.., кеме ішіндегі су алдыңғы бөлікке қарай лықсып, кеменің артқы бөлігі су бетіне көтерілуі мүмкін.., бәлкім, сол кезде жақын маңнан өткен кемелер байқап қалуы ықтимал деген болмашы үміт.

Капитан тапсырма береді. Команда бір кісідей қимылдайды. Кеме өздері ойлағандай артқы бөлігі су бетінен қылтиып тұрады. Бірақ бұл да өте қауіпті мүмкіншілік еді. Су бетіндегі жалғыз телефон жанұшыра шырылдай береді...

S-5 суасты кемесіне қамалған 28 жанның көрер жарығы бар екен! Шамамен екі тәуліктен аса уақыт өткенде.., сол маңнан «Алантус» әскери кемесі баяу жүзіп бара жатады. Кезекші матрос су бетінде қылтиған түсініксіз механизмді байқап қалады. Бірнеше матрос жеңіл қайыққа мініп, әлгі затқа келгенде.., кәдуілгі телефонның шырылын естіп, тіпті, естері шығады.

«Алло?» дейді сырттағы дауыс, «Бұл кім?». «S-5 суасты кемесі» деген жауап естіледі, мұхит түбінен. «Қайда бет алдыңдар?» деп сұрайды сырттағы матрос. «Тікелей Тозаққа!» дейді, капитан Кук.

Жағдайды түсінген «алантустықтар» жедел түрде көмекке ұмтылады. Қолда бар құрал-сайманмен су бетінде қылтиған кеме бөлігін кісі сиярлықтай етіп тесіп, команданың барлық мүшесін құтқарып алады. Кейін, бірнеше уақыт өткен соң S-5 суасты кемесін жағаға сүйреп әкетпек болғанда, сүйретпелік темір арқан үзіліп, іші суға толы кеме.., су түбіне мәңгі барып шөгеді.
...
Айтпақшы, «алантустықтар» құтқарған кезде капитан Кук S-5 кемесін ең соңғы боп тастап шыққан екен.., міне, нағыз капитан!..

Қанат Ескендірдің Facebook-тегі  парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616