Жұма, 19 Сәуір 2024
3372 0 пікір 9 Шілде, 2018 сағат 12:34

Тәжік әйелі Ресейдегі күйеуін қайтару үшін баласының денесіне ине тыққан

Тәжікстанда әйел Ресейдегі күйеуін қайтару үшін бір жасар баласының денесіне он инені әдейі тыққан. Осылай деп Тәжікстан ішкі істер минитрлігінің ресми өкілі хабарлады.

Сәби ауруханада жатыр, жағдайы ауыр.

Баланың анасы 26 жастағы Рудаки ауданының тұрғыны болып шыққан. Ол қазір күдікті ретінде қамауға алынған, үстінен қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары басталып кеткен.

Осыған дейін Душанбе Ұлттық медициналық орталығында баланың бас сүйегінен, мұрнынан, аяғынан, кеуде тұсынан және басқа жерлерінен он ине тапқаны хабарланған. Дәрігерлер тек алты инені алған. Қалған төртеуі әлі баланың денесінде.

Дәрігерлер бала ауруханаға түскен кезде-ақ "егер инені өзі жұтып қойса, ішкі органдары зақымданып, асқазан-ішек жолдарында тұрып қалушы еді" деп күдік келтірген.

Бір жастағы Мудассир Каримов отбасында екінші бала екен. Әкесі Ресейде еңбек мигранты. Анасы үй шаруашылығымен айналысады. Балаларын өзі бағады. Сәбидің әжесі Махфират Хасанова бір ай бұрын анасы емізіп жатқан кезде, баланың тіс етінен иненің қадалып тұрғанын байқаған.

Балаға операция жасаған дәрігерлер мұндай оқиғамен бірінші рет кездесіп тұрғанын айтады. Дәрігер Шухрат Чориев "екеуі тігін инесі, ағы екеуі түсініксіз өткір металл, олар сарғайып кеткен. Демек баланың денесінде ұзақ уақыт болған" дейді ол.

Abai.kz

0 пікір