Жұма, 29 Наурыз 2024
3785 4 пікір 3 Шілде, 2018 сағат 19:11

Дархан Кәлетаев жаңа министрліктің тізгінін ұстады

Дархан Кәлетаев тізгінін ұстаған Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі енді Қоғамдық даму министрлігі болып өзгерді.

Мемлекет басшысы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін қайта атау туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Қаулының мәтіні міне:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.

2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақта:

«Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі;».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталған Қаулы 28-маусымда жария болды. Арада 5 күн өткенде Президент жаңа Жарлық шығарды. Ол бойынша қайта жасақталған Қоғамдық даму министрлігінің тізгінін Дархан Кәлетаев ұстайтын болды.

"Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын", деп жазылған Президент Жарлығында.

Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді және аталған Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қазақстан - зайырлы мемлекет. Осыған дейін министрлік ретінде толық функция атқарған "Дін істері және азаматтық қоғам" министрлігі енді қайта жасақталды. Атауы өзгерді. "Қоғамдық даму министрлігі" деп аталды.

Иә, бұрынғы министрлік көмегімен діни конфессиялар арасындағы толғағы жеткен мәселелерді шешу ісінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Діни ахуалға мониторинг жасау жөнінде жұмыс жүргізді. Сөйте тұра, бұл ретте мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпады.  Өйткені, Қазақстан - зайырлы мемлекет. Сондықтан біздің дін саласындағы саясатымыз конфессияаралық татулық пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Бізде діни сенім бостандығына Конституция кепілдік береді.

Мемлекеттің зайырлылығы біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен игілігінің тірегі болып табылады. Бұл - рас. “Зайырлылық” түсінігін дұрыс түсіндіру керек. Ол дінге қарсы болып табылмайды, дінге қарсы күрес тұжырымын білдірмейді. Оның үстіне бірде-бір дін мемлекеттік немесе міндетті мемлекттік дін болып (кейбір елдерде болмаса) белгіленбейді. Демек, министрліктің "Қоғамдық даму" болып аталуы - мемлекеттің стратегиялық саясатын әм зайырлы сипатын айқындайды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2282
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3618