Жұма, 29 Наурыз 2024
3178 0 пікір 9 Шілде, 2018 сағат 12:36

Алматыда егде жандарға қолдау көрсететін Орталық ашылды

Алматы әкімі Бауыржан Байбек егде жандарға арналған белсенді ұзақ өмір Орталығының ашылуына қатысты. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жөндеуден өткен ғимаратта кітапхана, йога мен аэробика үшін фитнес зал, кино көретін, шахмат, тқоғызқұмалақ домино ойнайтын, тоқыма тоқитын және басқа залдар бар.

Егде жандарға компьютерлік сауат ашу, смартфонмен жұмыс істеуді және ағылшын тілін үйрету тұрақты жүргізіледі. Қоғамдық бірлестіктермен бірге апта сайын тегін құқықтық, психологиялық, медициналық кеңестер беріледі, мотивациялық семинарлар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

«Мұнда бәрі жақсы жасалған, біз ұзақ күттік. Мен өзім «ұзынқұлақтан» қалада осындай Орталықтың ашылатынын естідім. Бірінші болып келіп, алғашқылардың қатарынан табылдым, жақын жерде тұрамын. Өзіме ұнайтын бағдарламаны да таңдадым, енді хорға, йогаға қатысамын. Жасым 80-ге таяп қалды, бірақ мен белсенді әжеймін. Тауға шығамын, таяқ ұстамаймын, бұл жерде мен скандинаиялық қадамды үйренетін боламын. Компьютермен жұмыс істеуді де үйренгім келеді», - деді алғашқы келушілердің бірі Римма Калашникова.

Жаңа Орталық осыдан бірнеше ай бұрын қабылданған егде ұрпақты қолдауға және оларды белсенді өмірге тарту мен ұрпақтар үндестігін қамтамасыз етуге арналған қалалық «Белсенді ұзақ өмір» Жол картасының аясында ашылып отыр.

«Ең алдымен біз әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың мәселесін шешумен айналысамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз Алматыда мемлекеттік бала бақшаларға ақы төлеуді екі есе төмендеттік. Жастарға қолдау көрсету үшін студенттік жатақханалар салынуда, жас отбасылар алғашқы жарнаны төлемей-ақ 5 пайыздық несие алып, тұрғын үй мәсеелесін шеше алады. Дегенмен, тұрғындардың тағы бір категориясы бар, олар көмекке зәру. Бұлар -егде жандар, Алматыда олардың қатары 12%-дан астам. Жасы келген адамдар зейнетақымен шектелмеулері тиіс. Олар өздерінің керек екендіктерін сезінгендері жөн. Сондықтан біз биылғы жылды Алматыда аға ұрпақты қолдау аясында өткізетін боламыз», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жоба қолға алынысымен қалада 1700 адамды қамтыған 32 әлеуметтік клуб ашылды. Компьютерлік сауат курсынан 1000-нан астам зейнеткер өтті.

Қаланың әр ауданында таңғы және кешкі денешынықтыру сабақтары, фитнес, йога, скандинавиялық қадам жүзеге асып, бұларға 2000 зейнеткер қатысуда. Ардагерлер кеңесінің базасында 100-ден аса адам қатысатын экотуризм клубы жұмыс жасауда. Шілде мен қараша айлары аралығында демалыс күндері Үлкен Алматы өзеніне,Боралдай сақ қорғанына және басқаларына баруға 20 тур жоспарланған.

Ақылы бассейндерге, спорт залдарына, би студияларына баруды қолжетімді ету үшін әлеуметтік жоба жасалған. Қазірдің өзініде 800 зейнеткердің бассейндер мен фитнес клубтарға жеңілдікпен барулары үшін абонементтер сатып алынуда.

Әкімдіктің «Open Almaty» Сall-center қоғамдық қабылдаулары арқылы әлеуметтік қызмет туралы ақпарат беретін 1308 арнайы желі ұйымдастырылған. Соңғы жылдары қала емханаларында 16 гериатрикалық кабинеттер ашылды.

Таяу арадағы екі ай ішінде Ata-Apa.kz интернет- порталы жұмыс істейтін болады, мұнда егде жандар үшін қажет әлеуметтік және мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттар мен арнайы еңбек биржасы туралы мәліметтер беріледі.Мысалы, егер зейнеткер үйінде отырып репетиторлықпен айналысқысы келсе, онда ол ұзақ өмір Орталығына телефон арқылы хабарласып, өзі туралы мәліметтерді бере алады.

Жол картасы аясында 100-ден аса мәдени-бұқаралық, спорттық және зияткерлік шаралар өткізіліп, оларға зейнеткерлер кеңінен тартылады. Мысалы, «Таланттар конкурсының», «Менің сүйкіті Алматым» фотокөрмесінің, зейнеткерлер үшін арнайы бос орындар жәрмеңкесінің тартымдылығы арта түседі.

Бүгінгі күні Алматыда 222 мың зейнеткерлер тұрады немесе олар қала тұрғындарының 12,5% пайызын құрайды. Дүниежүзілік денсаулықты сақтау ұйымының мәліметіне жүгінсек, зейнеткерлерді белсенді өмірге тарту олардың ғұмыр жасын ұзартып, денсаулықтарына оң ықпал ететін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616