Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Абай.tv 8441 1 пікір 2 Шілде, 2018 сағат 11:38

"Ұлттық домбыра күні". Домбыра шертетін шенеуніктер кімдер?

Кеше ел көлемінде тұңғыш рет "Ұлттық домбыра күні" аталып өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгілен.

Ал кеше Астанадағы "Қазақ елі" монументі алдында үлкен шара өтті. 2 мыңнан астам күйші әм музыканттан құралған оркестр бір мезетте күй шертті. Оған Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, алғы сөз сөйледі.

Алаңдағы күйшілер дирижер Айтқали Жайымовтың жетекшілік етуімен "Көңіл ашар", "Адай", "Ерке сылқым", "Балбырауын" және "Сарыарқа" күйлерін орындады.

Күйшілер арасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан, күйші Секен Тұрысбековтер де болды.

"Қазақ халқы үшін домбыра - ұлттық аспап қана емес, оның жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра - халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізе білген сенімді серігі. Ұрпақтан ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, ұлы даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің құттықтау сөзінде.

Ал біз айта кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қол қойған бұл құжат бүкіл қазақты рухани тұрғыда бір серпілтеріне күмән жоқ. Қадыр ақынның "Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" дейтінінің жаны бар.

Осы ретте біз домбыра шертетін шенеуніктердің бірсыпырасын іздестірдік. Міне, көріңіздер:

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі. (Ол бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысын басқарып тұрғанда жұрт алдында домбырва шертіп, өнерімен тәнті еткен.)

Әзірге жұрт білетін бір ақпар - министр Атамқұлов пен Мұхамедиұлынан өзге домбыра шере білетін министрді көргеніміз жоқ.

Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаты

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі

Ғалым Әшімов, Темуртаудың әкімі

Abai.kz

1 пікір