Жексенбі, 12 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 58253. Жазылғандар — 33814. Қайтыс болғандар — 264
1686 0 пікір 2 Шілде, 2018 сағат 09:51

Қазақстанда виза беру тәртібі жеңілдетіледі

Қазақстан шетелден шақыруды рәсімдеу және виза беру тәртібін жеңілдетеді деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі. Қолданыстағы ережеге енгізілген тиісті өзгерістер шілденің 1-інен бастап күшіне енеді.

"Қазақстанға келетін шетелдіктердің шақыру қағаздарын тапсыру мерзімі қысқартылды. Қазақстан Республикасына келуге шақыру визаны алушының болжамды келу күніне кемінде 5 жұмыс күні бұрын берілуі тиіс. Бұған дейін ол мерзім 14 күн болатын", - делінген министрлік ақпаратында.

Министрліктің хабарлауынша, шақыруда келетін адамның тұратын жері мен қозғалыс бағыттары көрсетілгендіктен, виза алған шетелдік азаматқа көші-қон органдарында тіркеуде тұру қажет емес.

Қазіргі кезде Қазақстанға ондаған мемлекеттің азаматтары визасы келе алады. Еуропа Одағы елдері, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыне кіретін елдердің, Біріккен Араб әмірліктері, Малайзия, Монако мен Сингапур азаматтарына Қазақстанға 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз келулеріне болады. АҚШ азаматтары Қазақстан территориясында 30 күн визасыз жүріп-тұра алады.

Abai.kz

0 пікір