Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
3779 0 пікір 1 Шілде, 2018 сағат 01:04

Трамп пен Путиннің кездесу орны мен күні белгілі болды

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин 16 шілдеде Финляндия астанасы Хельсинкиде кездеседі. Бұл туралы 28 маусымда Ақ үй мен Кремль хабарлады.

Кремльдің мәлімдеуінше, кездесу барысында АҚШ пен Ресейдің қазіргі қарым-қатынасы, алдағы жоспарлар, халықаралық проблемалар талқыланады.

Трамп пен Путин саммитінің өтетіні туралы алғаш рет 26 маусымда АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джон Болтонның Ресейге сапары кезінде айтылған.

Reuters агенттігінің жазуынша, саммит АҚШ-тың бірқатар одақтастарын алаңдатып, әрі олардың ашуын туғызып, "Ресей президентін бетімен жіберді" деп Трампты сынға алуы мүмкін деп жазады. Трамптың өзі Путинмен қарым-қатынасты жақсартып, Ресейді ғаламдық проблемаларды бірге шешуге шақырғысы келетінін бірнеше рет мәлімдеген.

Екі ел лидерінің кездесуі 11-12 шілдеде болатын НАТО саммитінен кейін өтеді. Одан кейін Трамп 13 шілдеде Британияға барады. Сосын Мәскеуде футболдан әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Путинмен кездеседі.

Финляндия - бейтарап мемлекет. 1975 жылы Хельсинкиде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі жиналыстың қорытынды актісіне қол қойылған. Сол кездегі СССР мен АҚШ-тың келіссөзін "қырғи-қабақ соғыстың бәсеңдеуі" деп атаған.

Abai.kz

0 пікір