Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
46 - сөз 10574 8 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 10:07

Халық үрейленіп, қауіптеніп отыр

"Сарыөзекте Қытай қаптапты!" Осы іспеттес жазбалар мен ақпараттар әлеуметтік желіде желдей есіп, сағат сайын жекеге келіп жатыр.

Халық алаңдаулы! Халық үрейленіп, қауіптеніп отыр. Алып-қашпа ақпараттың арасынан қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ажырата алмай дал болуда.

Халықты тыныштандыру мақсатында бұл ақпараттарды не растайтын, не жоққа шығаруға тиіс БАҚ-та, билік те үнсіз. Аузын буған өгіздей үндемейді. Бұл - дұрыс стратегия емес. Халықтың билікке деген сенімі онсыз да жіңішкерген жіптей үзілейін деп тұр. Соны үзіп алмау үшін барын жасаудың орнына ештеңені байқамағандай кейіп таныту басын құмға тыққан түйеқұстың әрекеті. Сенім жібі үзілген елдердің желкесі қиылғанын көріп жүрміз.

Халыққа қандай жағдай болмасын шынайы ақпарат таратылуы міндетті!

Асхат Қасенғалидың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz

8 пікір