Жұма, 29 Наурыз 2024
3721 0 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 09:10

Бішкек: Тұңғышбаев Қазақстанға экстрадицияланды

Қазақстандық оппозициялық белсенді әрі блогер Мұратбек Тұңғышбаев 26 маусымда Қазақстанның құқық қорғау органдарына тапсырылды деп хабарлады Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз хатшысы Рахат Сулайманов.

26 маусымда ҰҚМК қызметкерлері Тұңғышбаевты Бішкектегі тергеу абақтысынан заттарымен бірге алып кеткені белгілі болған.

Мұратбек Тұңғышбаевты Қырғызстан арнайы қызметі 10 мамырда Бішкекте Қазақстан билігінің сұрауымен ұстаған. Ол содан бері Бішкекте тергеу абақтысында отырған.

25 маусымда Бішкектің Октябрь аудандық соты Қырғызстан Бас прокуратурасының Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға қайтару туралы шешімін қолдаған. 26 маусымда құқық қорғаушылар мен белсенділер Бішкекте кездесу өткізіп, сот шешімінің заңсыздығын, Қазақстанда белсендінің азапталуы мүмкін екенін айтқан.

Бұған дейін Қырғызстанның жазаны атқару комитеті Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау процесі бір айға дейін созылуы ықтимал екенін хабарлаған еді.

Қазақстан билігі блогерді "экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдайды" деп айыптап отыр. Тұңғышбаев пен оның туыстары бұл айыптың саяси астары барын мәлімдеп, халықаралық ұйымдардан араша сұрайды.

Бұған дейін қырғызстандық құқық қорғау ұйымдары мен азаматтық белсенділер Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялауға қарсылық танытқан.

21 мамырда Қырғызстан Бас прокуратурасы Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған. Бұған дейін оны қамауға алу туралы шешімге қарсы берілген шағымдардың ешқайсысы қанағаттандырылмады. Қырғызстанның миграциялық қызметі 5 маусым күні Азаттыққа Мұратбек Тұңғышбаевтың өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтінішін қарастырып жатқанын хабарлаған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3616