Жұма, 29 Наурыз 2024
4501 1 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 09:09

Түркіменстан Түркиядан қайтқан мигранттарды ұстап жатыр

Шетелде жұмыс істеп жүріп, төлқұжат мерзімі өтіп, Түркіменстанға оралған жиырмаға жуық азаматты арнайы қызмет өкілдері қамауға алған. Бұл жөнінде Азатлык тілшісі хабарлайды.

"Түркімен билігінің шетелде ескі төлқұжатпен жүрген азаматтар елге оралса, жауапқа тартылмайды деген уәдесіне сеніп, Түркиядан оралған азаматтар жаппай ұсталып жатыр. Маған 20 шақты оқиғаны жеткізді. Олардың бәрінде мерзімі өткен ескі төлқұжат болған. Олар қазір тергеу абақтысында отыр", – деді тілші.

Шетелден оралғандардың дені Лебап және Дашогуз облысының азаматтары екен. "Олар әуежайдан түскенде, дабыра болмас үшін тиіспеген. Үйлеріне жеткен кезде, бірден ұстап алып кеткен", – дейді Азатлык тілшісі.

Соңғы айда Түркіменстанның барлық аймағында жергілікті билік өкілдері халықты жинап, туыстарының елге оралуын сұрап, елге оралса, жауапкершілікке тартылмайды деп уәде берген.

2008 жылы Түркіменстан шетелге шығуға арналған арнайы төлқұжат енгізген. Осыған дейін түркімен азаматтары біріңғай ұлттық төлқұжатпен саяхаттауға мүмкіндік алған. Азаматтар жаңа төлқұжат алу үшін Түркіменстанға келіп, миграциялық мекемеге өтініш түсіру керек.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610