Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4733 0 пікір 28 Маусым, 2018 сағат 09:05

Ташкентте "Домбрабадский" деген қылмыс әлемінің беделдісі ұсталған

Өзбекстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) қылмыс әлемінде «Шухрат Домбрабадский» деген лақап атпен танымал 61 жастағы Шухратилла Носировты үйінен ұстап әкеткен. Бұл жөнінде ІІМ дереккөзі мен күдіктінің туыстары хабарлады.

Шухратилла Носировтың туыстарының айтуынша, онымен бірге 62 жастағы ағасы Шавкат Носиров, 55 жастағы қарындасы Гүлнәр Расулова да ұсталған.

Шухратилла Носиров бірінші рет 1993 жылы ұсталып, "қылмыстық топ құрды", "тонады" деген айыппен 23,5 жылға сотталып, түрмеде отырып шыққан.

ІІМ қызметкерінің хабарлауынша, Ташкентте оны ұстау үшін арнайы операция жүрген.

"Қара маска киген ондаған адам махалланы қоршап тұрды. Арнайы операция 7-8 сағатқа созылған. Алдымен арнайы қызмет өкілдері Шухратилланың ағасы Шавкат Носировты ұстады. Оның қолына кісен салып, алып кетті. Сосын Шухрат Носировтың үйіне басып кіріп, тінту жүргізіп, өзін алып кетті", – дейді Носировтардың туыстарының бірі.

Қылмыс әлемі беделдісінің көршісі ағайынды Носировтарды жиені Бахадыр Шароповтың шағымы бойынша ұстағанын айтады. Ал Бахадыр Шароповтың өзі бұл ақпаратты теріске шығарады. "Мен ешкімге шағымданған жоқпын. Керісінше, Шавкат-ака мен Шухрат-ака маған қарсы өтініш жазған. Олар маған жала жапты. Сол үшін оларды ұстады", – дейді ол.

Abai.kz

0 пікір