Сенбі, 20 Сәуір 2024
46 - сөз 6214 14 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 09:20

Қазақтың қай жігітінен қорлық көріп шибөрідей шулап жатсыңдар?

Әй, қыздар! Естеріңді жиыңдар! Қазақтың қай жігітінен қорлық көріп шибөрідей шулап жатсыңдар?

Қытайдың қойны емес, табанының астында қалғаныңда көрер едім қазақтың жігітін жек көргеніңді!

Көбіңдікі - тәлпіштік!

Не жетпей жатыр?!

Қазір өз билігің өзіңде, өз ақшаң өзіңде! Астыңда көлік. Шетел аралап, қыдырам десең де еркіңде. Бөлек тұрғың келді - еншіңді алып берді. "Бір-екі баладан артық тумаймын", - дедің. Оған да көнді.

Енді не талап етесің?!

Жігіттер! Сендер мықты болсаңдар, мына әңгіме болмас еді. Жастай алған әйеліңді місе тұтпай, басқаға жүгіріп, өзгемен салыстырып, ұрып-соғып, одан қалса, өзің диванда жатып алып, оны ақша табуға жұмсап...

Енді не болды?

Айгүл Бажанованың Facbook-тегі парақшасынан

Abai.kz

14 пікір