Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
3610 0 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 05:09

Алматы облысында «ASAR» II республикалық форумы өтті

Талдықорғанда II республикалық «ASAR» ҮЕҰ-бизнес пен мемлекеттің өзара əрекетіне бағытталған үшжақты ынтымақтастық форумы өтті, - деп хабарлайды өңірдегі меншікті тілшіміз.

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы облысының әкімдігі, «Атамекен» ҰКП және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ ұйымдастыруымен «Өңірлердің тұрақты дамуына жергілікті қоғамдастықтардың қосқан үлесі» тақырыбында өткен форум екі күнге жалғасты.

Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерді шешуде бизнес, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың күш-жігерін белсенді етуге бағытталған.

Форум жұмысына 300-ге жуық отандық, халықаралық ҮЕҰ мүшелері, қоғам қайраткерлері,  ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, бизнес құрылымның, отандық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығының, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Екі күндік форум шеңберінде панельдік сессиялар, мастер-класстар, case-stady семинарлары, практикумдар және дебаттар өткізілді. Іс-шараларды өткізу үшін 13 алаң ұйымдастырылды және сарапшылар, оның ішінде 3 шетелдік сарапшы шақырылды.

«Өмір әр уақытта әр сектордың белсенділігіне мұқтаж. Өйткені әр сектор өзі үшін жұмыс істейді. Бірақ бәрі бірікпеген соң көңіл көншітерлік нәтиже болмайды.  Сондықтан мен екі күн бойы мұнда келгендер өздеріне серіктес тауып, тың жобаның механизмі мен модельін дайындайды деп ойлаймын. Мен мысалы әріптестеріме Инклюзивті жоспарлаудың жүйесі атты болгарлық үлгіні ұсынамын. Оным осындағылар үшін тиімді болуы мүмкін. Мен де өз кезегінде қазақстандықтардың озық тәжірибелерін еліме алып қайтамын», - дейді Болгария мемлекетінің «Жергілікті өзін-өзі басқаруды реформалау» қорының сарапшысы Александр Михайлов.

Форумға 216 өтінім келіп түскен, оның ішінен 141 жоба іріктеліп алынды. 8 жоба, яғни ұйымдардың құны 4,6 млрд. теңге болатын 4 жоба  кәсіпкерлер тарапынан қолдауға ие болады. Атап айтқанда, Талдықорған қалалық «Қамқор» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ұсынған «Шексіз би», «Қарасай ауданынан «Балатай» ҚБ-ның «Мұраны дамытамыз – туризмді және өзімізді дамытамыз» жобасы, Кербұлақ аудандық «Қамқор» мүгедектер қоғамы» ҚБ-ның «Мүмкіндігі шектеулі және ДЦП-мен ауыратын балаларға арналған оңалту орталығы» жобасы және Көксу аудандық «Үш ұрпақ» ҚБ-ның «Үш ұрпақ» жобасы.

Форумның екінші күніндегі пленарлық сессия жұмысын Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев ашты.

«Алматы облысы үкіметтік емес ұйымдар Жергілікті қоғамдастық қорын құру бойынша арнайы жоба әзірлеген және оны тәжірибе жүзінде іске асырған еліміздегі алғашқы өңір»,- деп атап өтті. Сонымен қатар «әлеуметтік идеялар платформасының» шеңберінде кәсіпкерлерден қолдау тапқан жобалармен танысты.

Сонымен қатар, форум шеңберінде ҮЕҰ, бизнес және мемлекеттік органдар арасында 8 құжатқа, оның ішінде ҮЕҰ мен бизнес арасындағы серіктестік туралы 7 меморандумға және Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен «Атамекен» ҰКП арасында серіктестік келісіміне қол қойылды.

Айта кетейік, жалпы Алматы облысында қазіргі кезде 415 үкіметтік емес ұйым бар. Өткен жылы әлеуметтік мемлекеттік тапсырыстарды орындауға облыста 414,5 млн. теңге бөлінді, оның 100,0 млн. теңгесі ҮЕҰ-ларды қолдауға бағытталған. Сонымен қатар өткен жылы үкіметтік емес ұйымдарға арналған Консалтинг орталығы ашылды. Орталық жұмысын жүйелендіру мақсатында 2018-2020 жылдарға 60 млн. теңге қарастырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3524