Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
Әне, көрдің бе? 6405 20 пікір 26 Маусым, 2018 сағат 05:00

Әлемнің бірде-бір елінде үш тіл мүлдем оқытылмайды

"Әлемнің ең мықты 30 елінің бастауыш кластарында қанша тіл оқылатынын зерттеп қарасақ, екі тіл 1-ші класта 4 елде, 2-ші класта 5 елде, 4-ші класта 12 елде ғана оқытылады.

Ал, әлемнің бірде-бір елінде үш тіл мүлдем оқытылмайды екен. Бастауыш кластарда барлық пәндер тек ана тілінде оқытылу керек екенін министрлікке үнемі айтып келеміз.

"Өзің білме, білгеннің тілін алма" деген қағидатты министрлік берік ұстанған сияқты. Таусылмайтын, аяғына дейін жетілмеген реформалардың жетегінде кетіп бара жатырмыз. Осының салдарын он, он бес жыл өткеннен кейін тартпасақ жарар еді".

Мұрат Бақтиярұлы,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Abai.kz

20 пікір