Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Қырдағы әңгіме 4363 33 пікір 25 Маусым, 2018 сағат 12:56

ҰБТ ғашықтардыда табыстырады

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дағы қызықты оқиғалар туралы баяндады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ҰБТ білімді ғана тексермейді, ғашықтарды да табыстырады.

«Бізге жақында Мерей есімді астаналық түлек хабарласты. Ол қаңтар айында «Мега» сауда орталығында Астанаға қонаққа келген Арай есімді шымкенттік арумен танысқан. Бірақ, оның байланыс нөмірін алып үлгермеген және Арайдың биыл ҰБТ тапсыратынын біліп, ҰБТ-ның онлайн трансляциясы арқылы оны тапты. Сүйіктісі сынақ тапсырған пунтті анықтаған бойда, Мерей бізге хабарласып, оның байланыс нөмірін табуда көмек сұрады. Көрдіңіздер ме, ҰБТ білімді ғана тексермейді, ғашықтарды да қосады», - деді Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Орталық басшысы астаналық бозбаланың тілегін жерге қалдырмай, Арайды іздеп жатқандарын хабарлады.

«Бізде қай аудиторияда кімдердің тест тапсырғаны туралы ақпарат бар. ТЖК, ЖСН нөмірлері қолымызда. Аталған бөлімшеде Арай есімді қанша қыздың болғанын анықтаймыз және аты-жөні мен байланыс нөмірін келісім бойынша астаналық жігітке бере аламыз. Бұл бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жастарға сәттілік тілейміз», - деді ол.

Abai.kz

 

33 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3525