Жұма, 29 Наурыз 2024
4130 2 пікір 21 Маусым, 2018 сағат 09:38

Ресми түрде көп әйел алуға тыйым салынды

Түркіменстанда ресми түрде көп әйел алуға тыйым салынды. Елдің Отбасы кодексіне тиісті өзгерістер енгізіліп, оған президент Гурбангулы Бердімұхамедов қол қойған.

Заңның жаңа мәтіні 19 маусымда мемлекеттік басылымдарда жарық көрген. Онда 7-бапта "Түркіменстанда көп әйел алуға тыйым салынады" деп, "Көп әйел алушылық дегеніміз - ортақ шаруашылық енгізіп, екі не бірнеше әйелмен бірге тұру" деп түсіндірген.

Заң 2018 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.

2012 жылы қабылданған Отбасылық кодексінде бастапқыда екінші некеге тыйым салынған. Енді "көп әйел алушылық" термині енгізілді.

Түркіменстанның Қылмыстық кодексінде екі некеге тұрғандарға екі жылға дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемде айыппұл салу қарастырылған.

Бірақ тыйымға қарамастан, жергілікті тұрғындардың айтуынша, көп әйел алу елде кең етек жайған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3558