Жұма, 26 Сәуір 2024
4401 16 пікір 1 Маусым, 2018 сағат 15:33

Нұрсұлтан Назарбаев: "Нұр Отан" нақты істердің партиясына айналды

 

"Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы еліміздегі партиялық құрылымдардың мәселесіне тоқталып, "Нұр Отанның" нақты істердің партиясына айналғанын ерекше атап өтті.

– Бүгін біз партиямыз үшін ең өзекті мәселелерді талқыладық. Қазіргі таңда "Нұр Отан" тек саяси ғана емес, сонымен қатар нақты істердің партиясына айналды", – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың қарашасында партия жұмысын жандандыру мен жаңғыртуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай бүгінгі өткен келелі кеңесте партия қызметін жүйелі түрде жаңғырту мәселесі қаралып, партия Төрағасы Бірінші орынбасарының есебі тыңдалды.

Өз сөзінде Мәулен Әшімбаев «Нұр Отанда» партиялық жаңғыру аясында заманауи саяси технологиялардың жаңа тәсілдері енгізіліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, партияда бүгінгі таңда әлемде кеңінен қолданылатын жобалық басқару жүйесіне көшу ісі қолға алынған.

– Бұл бағытта жобалық басқарудың PRINCE 2 британдық әдісі енгізіліп, нұротандықтарға жаңаша жұмыс жасаудың тәсілі үйретілуде, – деді партия Төрағасының Бірінші орынбасары.

Сонымен қатар отырыста Президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуына қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Іс-шара соңында Елбасы "Нұр Отанның" барлық тың бастамаларына қолдау білдіріп, Үкімет пен әкімдіктерге оларды тиімді жүзеге асыруға белсене қатысуды тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы партия қызметін одан әрі жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бүгінгі өткен іс-шараға Саяси кеңес мүшелері – Үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы, Мемлекеттік хатшы, «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық әкімдіктер мен партия филиалдарының өкілдері қатысты.

Елбасының еліміздегі партиялық құрылымдар мәселесіне ден қойып, осылай бағалау жасауы өзге партияларды да ойландырса деп тілейміз.

Abai.kz

16 пікір