Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
4509 1 пікір 1 Маусым, 2018 сағат 11:32

Вайн байқауға қатысып, ноутбук ұт!

«Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ел жүрегі – Астана» атты үздік вайн байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты – Астана қаласының соңғы 20 жылдағы жетістігін вайнерлер арқылы көрсету. Байқауға Алматы қаласының кез келген тұрғыны қатыса алады.

ТАЛАПТАР:

  • Вайн мазмұны белгіленген тақырыпқа сəйкес болуы тиіс.
  • Вайнның ұзақтығы 60 секунд.
  • Бір қатысушы ұсынатын вайндардың саны 5-тен аспауы қажет.
  • Вайнның техникалық сапасы жоғары деңгейде болуы керек.
  • Қатысушы вайнды 2018 жылдың 1-шілдесіне дейін Facebook, VK, Instagram әлеуметік желілерінде ашылған «Ел жүрегі – Астана» атты парақшаларға орналастыруы керек. Астына #Астана20жаста хэштегін міндетті түрде жазуды ұмытпаңыз.
  • Сондай-ақ материалдар электронды түрде  ұйымдастырушылардың электронды поштасына жолдануы тиіс. Материалдар мемлекеттік жəне орыс тілдерінде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – ағымдағы жылдың 1-шілдесі. Ұсынылатын материалдарға қатысушы туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, 3х4 см. суреті, ұсынылған материалдар тізімі қоса беріледі.

ЖҮЛДЕ:

  • Бірінші орын – ноутбук.
  • Екінші орын – планшет.
  • Үшінші орын – смартфон.

Жеңімпаздар әлеуметтік желіде арнайы дауыс беру арқылы анықталады.

Біздің мекенжай.

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143/93, каб. 413,

тел. 3 94 42 91, 8747 271 08 95,

эл. пошта: degdarstudy@gmail.com  

Abai.kz

 

1 пікір