Сенбі, 20 Сәуір 2024
4802 3 пікір 1 Маусым, 2018 сағат 11:24

«Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» атты дөңгелек үстел өтеді

Биыл Астана қаласының еліміздің ордасы болып жарияланғанына – 20 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Астана қатардағы қаладан әлем мойындаған Елордаға айналды. Халқымыздың ұлылығы мен ауызбіршілігін қалыптастырып, бейбітшілік пен келісімнің мызғымас мекені бола білді.

Осыған орай, «Ел-шежіре» қоғамдық қоры Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып, 2018 жылдың 6 маусымда «Астана – тәуелсіз Қазақстанның символы» атты дөңгелек үстел өткізеді.

Іс-шараның басты мақсаты – Астананың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін және атқарылған ауқымды істерін баяндау, елорданың қалыптасу тарихына баға беру болып табылады.

Астана қаласының жиырма жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған жиынға ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры – Әлібек Асқаров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Асылы Осман, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы – Қали Сәрсенбай, «Алаш ұстазы» журналының бас редакторы  Дархан Бейсенбек, журналист, жазушы – Қанат Әбілқайыр, ақын, жазушы – Ырысбек Дәбей сынды зиялы қауым өз баяндамаларын оқиды. Сонымен бірге іс-шараға Алматы қаласының қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ-дың өкілдері және БАҚ қатысады.

Басталуы: 06.06.2018 жыл, сағат 11.00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Алтынсарин к-сі 37 (Жандосов қиылысы)

Қазақстан Жазушылар кітапханасы.

Байланыс:

Бейбіт Нәлібаев – 8747 271 08 95

Abai.kz

3 пікір