Сенбі, 16 Қаңтар 2021
Күбіртке 4266 5 пікір 31 Мамыр, 2018 сағат 08:03

Жеті жасар қазақ қызы Сириядағы соғыс аймағында жүр

Қазақстандық келіншек жеті жасар қызын Сириядағы әскери операциялар аймағына жасырын түрде алып кеткен. Бұл туралы бүлдіршіннің туыстары Еуразия бірінші арнасындағы «Күт мені, Қазақстан» бағдарламасы арқылы мәлімдеді.

Қыздың анасы күйеуімен ажырасқаннан кейін Жезқазған қаласында тұрған екен. Содан кейін ол радикалды діни нанымдарды ұстанатын азаматқа екінші рет тұрмысқа шыққан. Сол күйеуі қайтыс болғаннан кейін, келіншек қызын Сириядағы соғыс аумағына жасырын түрде алып кеткен.

«Маған барлық жерден оның кетіп қалғаны туралы жауап келді. Олар маған ештеңе айтпай кетіп қалған. Ал егер бірдеңе болса ше? Онда олардың өз заңдары бар. Кішкентай баланың онда қалай өмір сүріп жатқанын елестетіп көріңіздерші», – деді қыздың апайы Ләйлә Ғабдулина.

Габдулина отбасы 7 жастағы бүлдіршінді өз баласындай бағып-қағуға дайын.

Қош! Енді мына дерекке қараңыз. Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігінің мәліметіне сүйенсек , соңғы екі жыл ішінде Қазақстанға жауынгерлік аймақтан 78 кәмелеттік жасқа толмаған балалар қайтарылыпты.

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

5 пікір