Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3706 0 пікір 14 Мамыр, 2009 сағат 08:34

Сукуктар шығаруды қолға алмақшы

 

 

Елімізге Ислам банкингінің ең негізгі қызметтері біртіндеп келе бастады. 30 қаңтар күні Алматыда Kausar Consulting компаниясы BNP Paribas и Encore Management S.A. қаржы институттары шығарған исламдық облигациялар – сукуктарды бизнес-ортаға таныстырды. Қазақстанда ислам банк жүйесінің орнығуына тікелей атсалысып, осы тұрғыда кеңесшілікпен қатар, сақтандыру( такафул), құнды қағаздарды (сукук) сату сияқты қызметтер көрсететін Kausar Consulting компаниясының атқарушы директоры Едіге Алпысбайдан банктік қызметтің жаңа түрі туралы сұрап білдік.
Едіге, сіздің компанияның кеңесімен қазақстандық нарыққа ұсынылып жатқан сукуктарға қызығушылық қалай?
– Зейнетақы жинақтаушы қорлары, компаниялар тарапынан ұсныстар түсіп жатыр. Алайда нақты келісімшарт жасалып үлгерілмегеннен кейін олар туралы кең мағлұмат бере алмаймын. Алайда,  Алайда, бұл сукуктар доллармен есептеледі. Өйткені қазір Қазақстан доллармен альтернативалық қаржылық құралдар аз. Оның үстіне, BNP Paribas и Encore Management S.A. әлемге танымал қажылық құрылымдар. Олардың Қазақстанға шығарып отырған сукуктарының жалпы құны әзірше 20 миллион доллар мөлшерінде, ол сукуктар Бахрейндегі, Кувейттегі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі нақты активтермен қорғалған, яғни жүзеге асатын нақты жобаларға салынған. Сондықтан бұл исламдық облигациялар инвесторларға қаржыларын диверсикациялауға мүмкіндік береді.
– Қазақстанға әкелінген бір сукуктың құны қанша?
Олардың бағасы әртүрлі. Алайда дәл қазіргі жағдайда өзінің құнынан 20 пайызға дейін арзанға алуға болады. Егер қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, сукуктың басты бағасы 100 доллар тұрса да, бүкіл әлемдік дағдарысқа байланысты 80-90 долларға төмендеді. Алайда оның құны қайтадан өсуге бет алды. Сондықтан сукукты қазір сатып алған адамдар, одан пайда көреді.
– Сіздің компанияның ең негізгі қызметтері қандай?
– Біздің компанияның ең негізгі міндеті – ислам банк жүйесін елімізге енгізуге себептесу. Осыған байланысты заңнаманы жасақтауға қатыстық. Рас кеше Сенаттан кері қайтарылды. Алайда заңның ешқандай міні жоқ, тек қазақша редакциясында селкеуліктер бар деп ойлаймын. Консалтингтік компания болғандықтан Қазақстандық компанияларға сукук шығаруға, Исламдық банктің негізгі өнімдері сауда-қаржыландыру (мурабаха), үлестік бірлескен қаржыландыру (мушарака), жал (иджара), ақшаны сенімді басқару (мудараба), исламдық банк қызметінің ауқымында агенттік қызмет көрсету (вакала), сыйақысыз банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру (кард әл-хасан), сақтандыру (такафул) қызметтерімен айналысуға кеңес береміз, тренингтер өткіземіз, шетелмен байланыс жасаймыз.
– Сукук шығаруды қолға алған қандай қазақстандық компанияларды атай аласыз?
– Негізінен, мемлекеттік компаниялар сукук шығаруды қолға алғалы жатыр. Нақты шешім қабылданбағандықтан, оларды атап-түстеп бере алмаймын. Меніңше, «Исламдық банк жүйесі туралы» заң қабылданбайынша, бұл іс сәл кібіртіктейтін болады.
– Исламдық сақтандыру жүйесінің айырмашылығы қандай?
– Дәстүрлі сақтандыру жүйесінде сіз жарнаңызды сөйлеп тұрсаңыз, сізге компания кепіл болады. Ал такафулда келісімшарт «сол сақтандыру компаниясына мүше адамдар бір-біріне кепіл болады» деген талап бойынша жасалады. Яғни, адамдар қиыншылыққа ұшырағанда бір-біріне көмектесу керек деген адами принцип басшылыққа алынады.
Екінші айырмашылық – біздегі сақтандыру компаниялары адамдар салған жарнадан құралған ақшаны инвестицияға салып, пайдасын өзіне алып қалады. Ал такафул сақтандыру компанияларында екі қор болады. Бірі – садақа қоры. Яғни, сақтандыру қор тұтынушыларына бірдеңе болған жағдайда берілетін қаржы қоры. Екіншісі – инвестициялық қор. Ол қордан нақты инвестициялық жобаларға салынып, еселенген ақша қор тұтынушыларымен бөлініске түседі.
Сұхбаттасқан Әділбек ЖАПАҚ

 

0 пікір