Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
2721 0 пікір 23 Мамыр, 2018 сағат 08:40

Трамп АҚШ-тың әділет министрлігіне жаңа тергеу жүргізуді тапсырды

АҚШ президенті дүйсенбі күні Ақ үйде бас прокурордың орынбасары Род Розенстайн мен Федералдық тергеу бюросының (ФТБ) басшысы Кристофер Рэймен кездесті. Бұның алдында президент АҚШ әділет министрлігінен оның сайлау қарсаңындағы штабына ФТБ шынымен тыңшы енгізген-енгізбегенін анықтауын талап еткен.

21 мамырда АҚШ-тың әділет министрлігі бас инспекторға ФТБ-ның 2016 жылғы президенттік сайлауға Ресейдің ықпал етуін зерттеу үшін саяси мотиві болған-болмағанын анықтауды тапсырды.

Бас прокурордың орынбасары Род Розенстайнның мәлімдеуінше, "егер кімде-кім сайлау қарсаңындағы штабқа тыңшы енгізу арқылы олардың әрекеттерін әшкерелеуге талпынса, онда біз оны анықтап, тиісті шара қолдануымыз керек".

Трамп сенбі күні ФТБ мен әділет министрлігі өзінің сайлау қарсаңындағы штабына тыңшы енгізген деп мәлімдеді. Бірқатар ақпарат агенттіктерінің мәліметіне қарағанда, 73 жастағы Стефан Халлер ақпар беруші қызметін атқарған. Ол АҚШ-та туған, британиялық Кембридж университетінің профессоры, үш республикалық әкімшілікте жұмыс істеген.

Барак Обама президенттігі кезінде Ұлттық қауіпсіздік кеңесі құрамына кірген ​Нэд Прайс президент Трамп айыптаулары Америка демократиясына қауіпті деп мәлімдеді.

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы баспасөз хатшысы Томми Витор твиттерде "Трамп әділет министрлігін саяси тергеу жүргізуге мәжбүрлеп отыр, десе де бұлай ітеуге болмайтынын өзі де мойындайды" деп жазды.

Abai.kz

0 пікір