Жұма, 19 Сәуір 2024
3987 6 пікір 2 Мамыр, 2018 сағат 08:57

Түркия президенті Бұхарада Бахауддин Накшбанд кесенесіне барды

1 мамырда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түрік делегациясымен бірге Бұхараға барды.

Бұл сапарға Түркия президентімен бірге, зайыбы Әмина Ердоған және Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен бірге, зайыбы Зироатхон Хашимова да еріп барған.

Жоғары лауазымды қонақтар Бахауддин Накшбанд кесенесіне барған. Бұл мешіт 1544 жылы бұхарлық әмір Абдулазизхон ибн Убайдуллохонның бұйрығымен тұрғызылған. Онда Хәзірет Бахауддин мен оның анасының сүйегі жатыр. Анадолы түрік агенттігінің хабарлауынша, Түркияның дін істері жөніндегі басқарма басшысы Әли Эрбаш кесене алдында Құран аяттарын оқып, дұға бағыштаған.

Одан кейін Түркия президенті мен еріп келген қонақтар кешен аумағындағы медресеге бас сұғып, ежелгі «Арк» қамалына және «Пои-Калон» архитектуралық кешеніне барған. Мұнан бөлек Ляби Хауз тарихи ғимаратын да тамашалаған.

​Бұхарадан кейін Түркия президентінің Өзбекстанға үш күндік сапары аяқталған.

Abai.kz

6 пікір